СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМ ҚОРЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН ЖОБАЛАРЫ КОММЕРЦИЯЛАНУДА

Кездесу барысында Ғылым қорының Басқарма төрағасы Камиль Ақатов Ғылым қоры тарапынан қаржыландырылатын ғылыми және ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелерін коммерцияландыру (ҒҒТҚҚ) жобаларын іске асыру жөнінде талқылады. Сондай-ақ Коммерцияландыру кеңсесінің жұмысымен танысты. Университеттің жетекші ғалымдарымен университеттің тау-кен өнеркәсібі және ұшқышсыз ұшу жүйелері саласындағы соңғы әзірлемелерін талқылады. Кездесу барысында профессор Серік Молдабаев тереңдікте орналасқан кен орындарын ашық әдіспен өндіру […]
«Digital Almaty» цифрлік форумында ғалымдар мен бизнес арасындағы ынтымақтастық тетіктері талқыланды

Форум аясында спикер ретінде Ғылым қорының Басқарма төрағасы Камиль Ақатов сөз сөйледі. Сессия модераторы болып Нурсултан Шоканов, Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасының төрағасы, сондай-ақ «Qazinnovation инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Санат Аханов, Omir Group технологиялық компаниясының тең құрылтайшысы, CEO Димаш Кунаев, Schulich startups (Канада) қауымдастығының мүшесі, Айбек Ергожаев, «Нарықты мониторингілеу және сараптау орталығы» […]
2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурс туралы хабарландыру

2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімінің ұзартылғандығы туралы хабарландыру «Ғылым қоры» АҚ 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімінің ұзартылғандығы туралы хабарлайды. Конкурстық құжаттама «Қазақстан Республикасы Ғылым […]
ҒЫЛЫМ ҚОРЫ МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

Ғылым қорының басқарма төрағасы Камиль Ақатов Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар ғылым мен бизнестің интеграциясын дамыту бойынша тәжірибе алмасты. Қарым-қатынастарды одан әрі дамыту шеңберінде Horizon Europe бағдарламасының жобаларына қатысу туралы келісімге қол қойылды. Келісім Қазақстанның Еуропалық Одақтың гранттық бағдарламаларына қатысуын кеңейту және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту үшін шетелдік ұйымдардың ресурстарын қолдануғв […]
Құрметті оқырмандар! Ғылым дәні – өсімдік дәні іспетті, үздіксіз күтімді, назарды талап етеді.
Бапталған дәннің нәтижесінде құнды өнім алатыныңдай, нағыз ғылым жемісі де соңында беріледі. Бұл ретте отандық оқу орындарының зерттеушілер қауымы қыруар еңбек етіп, әр саланың даму нүктелерімен жұмыс атқарып келеді. Мәселен, ботаникалық бақ – өсімдік әлемін, оның ішінде жойылу қаупі бар өсімдіктерді қорғау, сақтау, өндіру және пайдалану бойынша зерттеулер және ғылыми зерттемелер өткізуге арналған табиғи аймақ. […]
Самат Қожахметов бастаған Назарбаев Университетінің ғалымдар тобы Ғылым қорының қолдауымен ішек микрофлорасын түзетуге арналған биологиялық белсенді өнімді жасап шығарды.
Препарат антибиотикалық терапиядан кейін қолданылады. Сондай-ақ семіздік, қант диабеті және иммунитеттің төмендеуін емдеуге қосымша.
«HORIZON EUROPE»: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

«Horizon Europe» ғылым және инновация бойынша ЕО негіздемелік бағдарламаларының Қазақстандағы Ұлттық үйлестірушісі мәртебесінде Ғылым қоры Еуропалық Одақ тарапынан тәлім алды. Бағдарлама қазақстандық ғалымдарға, жоғары оқу орындарына, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарына тек халықаралық қаржыны тартуға ғана емес, сонымен қатар халықаралық консорциумдар аясында озық технологияларды бірлесіп әзірлеуге мүмкіндік береді. Ғылыми және бизнес ұйымдары үшін бірқатар ақпараттық сессиялар […]
Ғылым қоры осы жыл бойы бізбен бірге болып, жұмысымызға қызығушылық танытқандардың барлығына алғысын білдіреді

Ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруды мемлекеттік қаржыландыру көлемі айтарлықтай өсуде. 2023-2025 жылдарға жоспарланған сома 62,1 млрд теңгені құрайды, бұл Қазақстанда коммерцияландыруды қаржыландыру басталғаннан бергі барлық өткен жылдардағы қаржыландыру көлемінің қосындысынан екі еседей артық. Жалпы, Ғылым қоры 300-ге жуық жобаны қолдады, оның ішінде биылғы жылы 72 жоба мақұлданды. 2024–2026 жылдарға арналған байқаудың қорытындысы келесі жылдың бірінші жартыжылдығында күтілуде. […]
Ғылым қоры «HORIZON EUROPE» бағдарламасы бойынша Үйлестіру орталығы ретінде осы бағытта технологияларды коммерцияландыру саласында еуропалық әріптестермен ынтымақтастықты кеңейтуде.

БЕРЛИН КЛУБЫ: ҚОЛДАНБАЛЫ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-ГЕРМАНИЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ Берлин Еуразиялық клубының 39-шы отырысы Германия астанасында өтті, оған еліміздің өкілдері онлайн қатысты. Отырыста Қазақстандағы зерттеулерді басқару шаралары, университеттерді базалық қаржыландыруды мемлекеттік қолдау және ғалымдарды гранттық қаржыландыру тетіктері сияқты тақырыптар талқыланды. Берлин Еуразиялық клубы – Қазақстан мен Германия және Еуропаның басқа да елдеріндегі сарапшылар, ғылыми және іскер топ […]
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым қоры ғылым және жаңа технологиялар саласындағы мемлекеттік ұйымдармен және ғылыми-технологиялық орталықтармен ынтымақтастықты кеңейтуде.

ҚАЗАҚСТАН МЕН АҚШ: ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯНЫ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым қоры ғылым және жаңа технологиялар саласындағы мемлекеттік ұйымдармен және ғылыми-технологиялық орталықтармен ынтымақтастықты кеңейтуде. Қазақстандық делегация АҚШ-қа сапары аясында Ұлттық ғылым қорының, Джордж Вашингтон университетінің, Бостон университетінің, Джордж Мейсон университетінің, Миссури университетінің, Америка университетінің, Халықаралық білім жөніндегі Америкалық кеңестің […]