info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

Кездесу барысында Ғылым қорының Басқарма төрағасы Камиль Ақатов Ғылым қоры тарапынан қаржыландырылатын ғылыми және ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелерін коммерцияландыру (ҒҒТҚҚ) жобаларын іске асыру жөнінде талқылады.
Сондай-ақ Коммерцияландыру кеңсесінің жұмысымен танысты. Университеттің жетекші ғалымдарымен университеттің тау-кен өнеркәсібі және ұшқышсыз ұшу жүйелері саласындағы соңғы әзірлемелерін талқылады.
Кездесу барысында профессор Серік Молдабаев тереңдікте орналасқан кен орындарын ашық әдіспен өндіру саласындағы жұмыс аясында тік еңіс қабаттары бар тау-кен жұмыстарын күшейту әдісін енгізу бойынша өз жобасын ұсынды. Бұл инновациялық тәсіл пайдалы қазбалар өндірісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Ғылым докторы Алексей Оксененко ауыл шаруашылығында дәл жер өңдеу кезінде қолданылатын ұшқышсыз ұшу аппараттары саласындағы озық технологиялармен таныстырды. Ол ауыл шаруашылығына арналған прогрессивті шешімдерді ұсына отырып, осы технологияны қолданудың барлық мүмкіндіктерін жан-жақты ашып берді.
Сәтбаев Университетіне сапар жасау Ғылым қорының отандық перспективалы инновациялық жобаларды іздеу және қолдау жөніндегі стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Кездесуде ғылыми қауымдастық пен Қазақстанда инновациялық технологияларды дамытуға ықпал ететін институттар арасындағы ынтымақтастық қарыс-қатынастың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
   

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.