info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

АӨК САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ӘЗІРЛЕМЕЛЕРІ

2022 жылғы 2 ақпан мен 11 наурыз аралығында әлеуетті бизнес-серіктестер алдында АӨК саласындағы «Ғылым қоры» АҚ грант алушылар жобаларының «QazTechnologies» 12 онлайн-презентацияларынан тұратын серия өткізілді, онда 61 жоба таныстырылды. Қатысушылардың жалпы саны 750-ден асты.

«QazTechnologies» өткізу қорытындысы бойынша «Софин А.А.» ШҚ (Алматы облысы, Талдықорған қаласы), «Eco-PRODUCT» зерттеу орталығы» ЖШС, «Modern chemistry» ЖШС, «Грант KZ» ЖШС тұқым материалын электромагниттік ынталандыру, «Азотофертил» биологиялық тыңайтқышты, «Гуматофосфат» өсу стимуляторын аумағы 88 га тәжірибелік учаскеде қолдану бойынша ынтымақтастық туралы шарт жасалды.