Ғылым қорының бизнес-серіктестер клубы — бұл ғылымды коммерцияландыруға мүдделі бизнес өкілдерінің қоғамдастығы.
Бұл Қазақстанның ЖОО және ҒЗИ ғалымдарының коммерцияландыруға дайын аяқталған ғылыми әзірлемелерін іздеуге арналған алаң.
Клуб негізін қалаушы – «Ғылым қоры» АҚ, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру операторы.
«Ғылым қоры» АҚ – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (ҒҒТҚН) коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруды жүзеге асыратын ҚР БҒМ Ғылым комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымы. 2016 жылдан бастап «Ғылым қоры» АҚ 151 коммерцияландыру жобасына гранттық қаржыландыру алды. Оның 122-сі сату деңгейіне жетті, олардың көлемі 17,4 млрд.теңгені құрайды. 15 ғылымды қажетсінетін өндіріс 346,7 млн. теңге сомасына экспортқа жетті. 65 ғалым мен 79 ғылыми ұйым роялти немесе бизнестегі үлестер түрінде табыс алды. 44 лицензиялық келісім жасалды, 1411 жұмыс орны құрылды, ал Қазақстанның ғылыми-технологиялық дамуына тартылған ақша қаражатының жалпы көлемі 50,1 млрд.теңгені құрады.
Осы көрсеткіштерге қол жеткізуге бизнестің қосқан үлесі 6,4 млрд. теңгені құрайды, бұл қоса қаржыландыруға тартылған көлем. Бизнес пен ғылым арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін 2021 жылы «Ғылым қоры» АҚ Ғылым қорының бизнес-серіктестері клубын құрды. Клуб мүшелері коммерцияландыруға дайын неғұрлым перспективалы ғылыми әзірлемелерге қол жеткізе алады. Әлеуетті бизнес-серіктес үшін ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарына қол жетімді.
Бизнес үшін ынтымақтастық пен мүмкіндіктердің түрлері:
Бизнес-серіктестер клубының міндеттерін іске асыру тетіктері:
Клуб мүшелері үшін АӨК саласындағы әзірлемелердің онлайн-презентациясы, цемент саласына арналған питчинг әзірлемелері, сондай-ақ офлайн-кездесу өткізілді.
2022 жылғы 12 сәуірде ғылыми қызметкерлер күніне арналған форум аясында Ónertabys питчінің финалы өткізілді. Бизнес-серіктестер клубының мүшелері, жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың, салалық қауымдастықтар мен бизнестің, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың өкілдері қатысушылар болды. «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов форум спикерлерінің бірі болды. Палата басшысы бизнес пен ғалымдар ынтымақтастығының мүмкіндіктері жөнінде айтты.
«Көбісі қазірдің өзінде жүзеге асырылды, алайда кәсіпкерлер серпін беріп, капиталға кіруге көмектесуі ықтимал жобалар менәзір леушілер бар»
Онлайн-дауыс беру нәтижесі бойынша Ғылым қорының бизнес-серіктестері клубының мүшелері арасында «Ónertabys питч» нәтижелері бойынша үздік ғылыми жоба» номинациясы бойынша С.Сейфулли атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Balqymyz» энергетикалық сусыны» жобасы марапатталды, жоба жетекшісі – Балғабай Сәдепұлы Майқанов.
Одан басқа, «Шағын клинкерлі ұсақ үгітілген цемент» жобасының жетекшісі Бақытжан Құдайбергенұлы Сәрсенбаев алдағы ҒҒТҚН коммерцияландыру конкурсында қоса қаржыландыру үшін бизнес-серіктес тапты.
Бизнес-серіктестер клубының келесі кездесуіне қатысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз: