info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

Ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруды мемлекеттік қаржыландыру көлемі айтарлықтай өсуде. 2023-2025 жылдарға жоспарланған сома 62,1 млрд теңгені құрайды, бұл Қазақстанда коммерцияландыруды қаржыландыру басталғаннан бергі барлық өткен жылдардағы қаржыландыру көлемінің қосындысынан екі еседей артық.
Жалпы, Ғылым қоры 300-ге жуық жобаны қолдады, оның ішінде биылғы жылы 72 жоба мақұлданды. 2024–2026 жылдарға арналған байқаудың қорытындысы келесі жылдың бірінші жартыжылдығында күтілуде.
Ғылым қоры қолдаған жобалар жақсы нәтижелер көрсетуде. Үстіміздегі жылдың 3-тоқсанының қорытындысы бойынша ғалымдар өндірген өнімдерді сату шамамен 32,4 млрд теңгені құрады, оның ішінде биылғы жылы – 5,8 млрд теңге. 546 млн теңгенің өнімі экспортталды (2022 ж. – 80,5 млн. теңге). Төленген салық 7,1 млрд теңгені құрады (2022 ж. – 1 млрд. теңге). Бизнестің қоса қаржыландыруы 9,1 млрд теңге (2022 жылы 2,3 млрд теңге) болды.
Осы бағытта коммерцияландыру реакторы тиімді платформаға айналды. Реактордың нәтижесінде ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсына ғалымдар мен бизнес өкілдері берген өтінімдердің шамамен 50 пайызын Ұлттық ғылыми кеңес қаржыландыруға мақұлдады.
Өткен жылдың жобаларының арасында ЭЛВ-4 электронды үдеткішінде кабельді қорғаныс ортасында оқшаулауды модификациялау, жылу жүйелеріне арналған энергияны үнемдейтін электр қазандықтарын өндіру, ұшқышсыз авиациялық кешен, жаздық жұмсақ бидайдың жаңа сортының түпнұсқалық және элиталық тұқымдарын өндіру, түйе сүтінен жасалған «Софмая» сусыны және т.б. бар.
Ғылым қорында ғылыми жобаларды коммерцияландыруға мүдделі отандық бизнес өкілдерінің қауымдастығы Бизнес серіктестер клубы жұмыс жасайды.
Бұл шамамен 180 қатысушы (56 лицензиат, 56 инвестор, 32 материалдық-техникалық базасы бар бизнес серіктес, 36 тәлімгер). Ғылыми-технологиялық кәсіпкерлік саласындағы ғалымдардың құзыреттілігін арттыру мақсатында 88 семинар өткізілді.
Халықаралық блок күшейтілді. Ғылым қоры Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың, Стэнфорд университетінің StartX бағдарламасының, Comstech – Ислам ынтымақтастығы ұйымының және ШЫҰ технологиялар трансферті орталығының серіктесі мәртебесін алды.
Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімімен Ғылым қоры Horizon Europe бағдарламасының Ұлттық үйлестірушісі болып тағайындалды*. Маңызды шикізатты барлау, өндіру, өңдеу және жеткізу тізбегі, медицина саласындағы зерттеулер мен инновациялар бойынша бірқатар семинарлар және 6 онлайн ақпараттық семинарлар өткізілді.
Horizon Europe аясында бірлескен бағдарламаларды әзірлеу бойынша жоба тақырыптарын талқылау үшін Халықаралық ғылыми-техникалық орталықпен ынтымақтастық орнатылды.
Қабылданған қадамдар Қазақстан үшін болашақта Horizon Europe шеңберінде ассоциацияланған ел мәртебесіне қол жеткізуге бағытталған стратегиялық бастама болып табылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.