info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

Ғылым қорының басқарма төрағасы Камиль Ақатов Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың басшылығымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар ғылым мен бизнестің интеграциясын дамыту бойынша тәжірибе алмасты.
Қарым-қатынастарды одан әрі дамыту шеңберінде Horizon Europe бағдарламасының жобаларына қатысу туралы келісімге қол қойылды. Келісім Қазақстанның Еуропалық Одақтың гранттық бағдарламаларына қатысуын кеңейту және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту үшін шетелдік ұйымдардың ресурстарын қолдануғв бағытталған.
Келіссөздер нәтижесінде қазақстандық ғалымдардың алдында ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландыруда жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Бұл мамандарға ғылым мен бизнес саласында жұмыс істеуге, сондай-ақ бар ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға мүмкіндік береді.
Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың ғылыми және іскерлік қоғамдастыққа үлес қосуда, ғалымдар мен ғылыми мекемелерді іздестіру және оларды ынтымақтастыққа тартуда үлкен тәжірибесі бар. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың портфелінде әлемнің 100 елінен 76 000-нан астам ғалымдар қатысқан 4500-ден аса іске асырылған ғылыми жобалар бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.