info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

БЕРЛИН КЛУБЫ: ҚОЛДАНБАЛЫ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-ГЕРМАНИЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
⚜️ Берлин Еуразиялық клубының 39-шы отырысы Германия астанасында өтті, оған еліміздің өкілдері онлайн қатысты.
Отырыста Қазақстандағы зерттеулерді басқару шаралары, университеттерді базалық қаржыландыруды мемлекеттік қолдау және ғалымдарды гранттық қаржыландыру тетіктері сияқты тақырыптар талқыланды. Берлин Еуразиялық клубы – Қазақстан мен Германия және Еуропаның басқа да елдеріндегі сарапшылар, ғылыми және іскер топ өкілдерінің диалогтық платформасы.
Көтерілген мәселелерге ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки егжей-тегжейлі тоқталды.
«Біз белсенді халықаралық ынтымақтастыққа, шетелдік әріптестермен, оның ішінде Германия Федеративтік Республикасымен байланыстарды кеңейтуге бағытталғанбыз. Бірлескен зерттеулер мен білім беру бағдарламалары екі елдің ғалымдары мен студенттеріне ғылымның әртүрлі салаларында білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік бере отырып, табысты дамуын жалғастыруда», – деп атап өтті Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки.
Өз кезегінде, Ғылым Қоры Басқарма төрағасының орынбасары Әлия Сембаева Қазақстанның ЕО негіздемелік бағдарламаларына қатысуға мүдделілігін атап өтті.
Бүгінгі таңда Ғылым қоры «HORIZON EUROPE» бағдарламасы бойынша Үйлестіру орталығы ретінде осы бағытта үлкен жұмыс жүргізуде және технологияларды коммерцияландыру саласында еуропалық әріптестермен ынтымақтастықты кеңейтуде.
Кездесуге Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің өкілдері де қатысты. Sayasat Nurbek

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.