info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

Мұнай өндіруші кәсіпорындардың аумағын радиациялық бақылау

Жоба нөмірі AP15573662
Жоба атауы Мұнай өндіруші кәсіпорындардың аумағын радиациялық бақылау
Өтінім беруші  Астана медицина университеті
Грант алушы  Астана медицина университеті
Жекеше әріптес
Іске асыру мерзімі 2022-2024 ж.
Іске асыру орны (қала/облыс) Астана қ.
Сала Мұнай-газ химия саласы
Іске асыру мәртебесі іске асырылуда
Жобаның мақсаты Радиациялық факторлардың рұқсат етілген дозалық мәндері мен өндірістік деңгейлері шегінде мұнай-газ өндіруші кәсіпорындар қызметкерлерінің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Жобаның сипаттамасы “Мұнай-газ өндіруші кәсіпорындардың аумағын радиациялық бақылау” жобасымен танысу және қажетті өндірістік радиациялық бақылау жүргізу туралы шарттар жасасу үшін ұйымдастыру, радиациялық-зерттеу, көрме, семинар жұмыстарын жүргізу ұсынылады.

Институт ұсынатын өндірістік радиациялық бақылау келесідей:

– жұмыс орындарында өндірістік радиациялық бақылау жүргізу (гамма-сәулелердің ЭДҚ, радонның ЭТКБ, ұзақ өмір сүретін альфа белсенді радионуклидтердің көлемдік белсенділігін, альфа – және бета – бөлшектер ағындарының тығыздығын, жұмыс орындары бетінің радиоактивті ластануын, радионуклидтер белсенділігінің жеке қорғаныс құралдарындағы ластануын өлшеу);

– ДКС-96, РКС-01-СОЛО, Рамон-02а, “Гамма-Сенсор” автомобиль зертханасының көмегімен жергілікті жердің географиялық координаттарына байланыстыра отырып, кәсіпорындардың санитариялық қорғаныш аймағының артындағы аумақтың радиациялық жағдайын бағалау;

-Радиобиология және радиациялық қорғау институтында (Нұр-сұлтан қ.) орналасқан ақпараттық деректер базасында USB-модемі бар портативті ноутбук көмегімен далалық экспедициялық топтың нәтижелерін енгізу және өңдеу;

– радиациялық жағдайдың алынған нәтижелеріне және радиациялық қауіпті төмендету жөніндегі іс-шараларға талдау жүргізу.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің ұсынылатын нәтижесі бизнес проблемасын шешеді.

Радиациялық бақылау және сәулеленуді мүмкіндігінше төмен деңгейге дейін төмендету жөніндегі мақсатты іс-шараларды жүзеге асыру мұнай-газ өндіруші кәсіпорындар қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және жақсарту проблемаларын шешуге және кәсіпорын мен ел экономикасының дамуына ықпал ететін адами еңбек ресурстарын дамытуға ықпал ететін болады.

Әзірленген әдістемеге сұраныс еліміздің мұнай өндіруші кәсіпорындарындағы (100-ден астам) радиациялық жағдайдың зерттелмегендігінде және тиісінше олардың көпшілігінде қажетті радиациялық мониторинг жүргізілмегендігінде. Өндірілген мұнай құрамындағы радионуклидтердің мөлшеріне байланысты жұмыс орындарындағы радиациялық ластану деңгейі және ықтимал жеке дозасы өзгереді. Өндірістік радиациялық бақылауды жүргізу радиациялық тәуекелді төмендетуге және мұнай өндіруші кәсіпорындардағы жұмысшылардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сайт
Бағаларын көрсетумен өткізілетін өнімдер тізбесі Мұнай өндіруші кәсіпорындардың аумағын радиациялық бақылау бойынша қызмет көрсету
Жоба командасы (Т.А.Ә.) Қазымбет Полат Қазымбетұлы
Бахтин Мейрат Мухамедкаримович
Кашкинбаев Ерлан Турсынбайулы
Иса Жантөре Қонысұлы
Кушербаев Нурсултан Муратович