Біз оны нақ өз ісінің кәсіпқой маманы, кішіпейіл, мейірімді әрі жайдары адам ретінде танимыз.
Және дәл осы жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.
Дамир Алтынбекұлы өз еңбек жолын менеджерден бастап басшыға дейін атқарды.
Әр жылдары «ҚазАгроИнновация» АҚ департаментінің директоры, «Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» ЖШС Бас директорының орынбасары, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС бас директоры болып қызмет атқарды.
2013-2016 жж. – «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС-ны басқарды.
2016-2017 жж. – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып жұмыс атқарды.
2017 жылғы ақпаннан 2018 жылғы наурыз аралығында – «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы.
2018 жылғы сәуірден 2020 жылғы желтоқсан аралығында – «Жамбыл облысының инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы» КММ басшысы.
2021 жылдан бастап 2022 жылғы маусым аралығында – ФАО-ның Қазақстандағы байланыс және әріптестік жөніндегі бюросының (Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы) бағдарламалар үйлестірушісі.
Орны толмас қайғыны бөлісе отырып, отбасы мен жақындарына төзімділік пен сабыр тілейміз. Иманы саламат болсын!
«Ғылым қоры» акционерлік қоғамының басшылығы мен ұжымы