“Pollok” жобасы: “Машиналық оқыту әдістерін қолдана отырып, алаңдық және ұңғымалық геофизика деректерінің үлкен массивтерін кешенді өңдеу әдістемесі”.

Жоба жетекшісі: Әбетов Әуез Егембердіұлы, Профессор, геология-минералогия ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корр., Satbayev University Жобаның атауы: “Pollok” жобасы: “Машиналық оқыту әдістерін қолдана отырып, алаңдық және ұңғымалық геофизика деректерінің үлкен массивтерін кешенді өңдеу әдістемесі”. Жобаның сипаттамасы: Көлденең және көлбеу ұңғымаларды бұрғылау тиімділігін арттыру. ҚР жер қойнауын пайдаланушылар объектілерінде модульдердің тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарын орындау. Қажет болған жағдайда әдістемені түзету (өзектендіру). ҚР-да және ҚР-дан тыс жерлерде “Pollоk” әдістемесін масштабтау. Сейсмикалық деректердің ажыратымдылығын эмпирикалық түрде арттыруға мүмкіндік беретін феноменологиялық модель құру, осылайша геологиялық денелердің геометриялану сапасын арттыру. Модельді құрудан артық деректерді алып тастауға мүмкіндік беретін алгоритм құру, бұл кіріс деректерінен басқа ресурстарды қажет ететін есептеу уақытын қысқартады. Бәсекелестік артықшылығы: Сейсмикалық мәліметтерден жоғары кеуектілік пен литология текшелерін алу. Текшенің әр нүктесінде алынған параметрдің сенімділігін сандық есептеу. Есептеу алгоритмі ұңғыма деректерін пайдалануды қамтиды, нәтижесінде алынған текшелер ГАЖ интерпретациясының нәтижелерімен сәйкес келеді. Алынған ажыратымдылық пайдаланылатын жабдықтың конфигурациясына және нақты деректерге байланысты. ГАЖ деректерінің ажыратымдылығында текше болжамдарын есептеуге болады. Бизнес-серіктес үшін инвестициялық ұсыныс: 190 млн. теңге мөлшерінде гранттық қаржыландыруға өтінім беру үшін жобаны 19 млн. теңге мөлшерінде қоса қаржыландыру қажет. Қаржыландырудың түпкілікті құрылымы және қатысу үлестерін бөлу бизнес-серіктеспен келіссөздер нәтижелері бойынша айқындалатын болады