info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

Карьерлердің терең қабаттарында скипті көтергішпен кешенде ауыр жүк автосамосвалдарын қолдану тиімділігін арттыру

Жоба жетекшісі: Молдабаев Серік Құрашұлы, “Тау-кен ісі” кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Satbayev University Жобаның атауы: Карьерлердің терең қабаттарында скипті көтергішпен кешенде ауыр жүк автосамосвалдарын қолдану тиімділігін арттыру Жобаның сипаттамасы: Жаңа конструкциядағы скипті көтергіш жылдық өнімділігі 20 млн тоннаға дейін қамтамасыз ете отырып, тау массасын үлкен биіктікке (150-300 метрге дейін және одан да көп) көтеруге мүмкіндік береді. Бәсекелестік артықшылығы: Ауыр жүкті автосамосвалдарды қолдану тиімділігін арттыруға (200 тоннаға дейін және одан да көп) Карьер борттарының аралығын азайту, дизель отынының шығынын азайту және терең горизонттарда карьердің талап етілетін өнімділігін жылына 25-30 млн тоннаға дейін қамтамасыз ету есебінен қол жеткізіледі. Бизнес-серіктес үшін инвестициялық ұсыныс: 350 млн теңге көлемінде гранттық қаржыландыруға өтінім беру үшін жобаны 70 млн теңге көлемінде қоса қаржыландыру қажет. Қаржыландырудың түпкілікті құрылымы және қатысу үлестерін бөлу бизнес-серіктеспен келіссөздер нәтижелері бойынша айқындалатын болады.