info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

Қазақстандық нарықты жаздық бидайдың отандық сорттарының элиталық тұқымдарымен қамтамасыз ету

Жоба нөмірі DP21681698
Жоба атауы Қазақстандық нарықты жаздық бидайдың отандық сорттарының элиталық тұқымдарымен қамтамасыз ету
Өтінім беруші “А.И.БАРАЕВ АТЫНДАҒЫ АСТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫ” ЖШС
Грант алушы “А.И.БАРАЕВ АТЫНДАҒЫ АСТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫ” ЖШС
Жекеше әріптес
Іске асыру мерзімі 2023-2025 ж.
Іске асыру орны (қала/облысы) Ақмола облысы
Сала Агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу
Іске асыру мәртебесі жүзеге асырылуда
Жобаның мақсаты Жаздық жұмсақ бидайдың Таймас жаңа сортының элиталық тұқымдарын өндіру және өткізу
Жобаның сипаттамасы Қазақстанның экспорттық әлеуетін дамыту елдің агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың негізі болып табылады. Елдің негізгі экспорттық дақылы жаздық бидай болып саналады. Қазақстан әлемдік нарықта астық экспорты бойынша оныншы орында. Жыл сайын әлемдік нарыққа қазақстандық астық экспортының көлемі 7,0-ден 10,0 млн. тоннаға дейін айтарлықтай өзгеруде. Дүниежүзілік астық кеңесінің болжамы бойынша, 2022/23 маркетингтік жылы экспортқа шамамен 10,0 млн.тонна астық жөнелту жоспарлануда, ал 2021/22 маркетингтік жылы бұл көрсеткіш 8,4 млн. тоннаны құрады. Соңғы 5 жылда бидай астығының өнімділігі 2017 жылғы 14,8 млн. тоннадан 2021 жылы 11,8 млн. тоннаға дейін төмендеуі байқалды,бұл ретте осы дақылдың өнімділігі 12,4 ц/га-дан 9,3 ц/га-ға дейін төмендеді. Жалпы астық өнімділігінің төмендеу себептерінің бірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің элиталық тұқымдармен қамтамасыз етілуінің төмендігі болып табылады. Қазіргі уақытта жаздық бидайдың элиталық тұқымдарының үлесі шамамен 7% құрайды, ал Ресей мен Беларуссияда – 20% – дан астам.

Осы проблемаларды шешу үшін өндіріске өңірдің жағдайына бейімделген жаздық бидайдың жаңа сорттарын енгізу, сондай-ақ бірегей тұқым өндірушілерді мемлекеттік ынталандыру есебінен нарықты жоғары репродукциялы отандық тұқымдармен қанықтыру қажет.

Сайт https://baraev.kz/
Бағаларын көрсетумен өткізілетін өнімдер тізбесі жаздық жұмсақ бидайдың Таймас сортының тұқымы (ПР-3) – болжамды бағасы 300 000 теңге/тонна
Жоба командасы (Т.А.Ә.) Бабкенов А.Т.                                                                                                                                                 Каиржанов Е.К.                                                                                                                                                                            Савин Т.В.                                                                                                                                                    Бабкенова С.А.                                                                                                                                                Кабдина Г.С.                                                                                                                                                                                       Тагаев З.Ф.