info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

Ғылым қоры және Шанхай ғылым және технологиялар саласындағы алмасу орталығы (SSTEC): төмен көміртекті экономика технологияларын коммерцияландыру саласындағы ынтымақтастық

⚜Ғылым қоры және Шанхай ғылым және технологиялар саласындағы алмасу орталығы (SSTEC): төмен көміртекті экономика технологияларын коммерцияландыру саласындағы ынтымақтастық Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру шеңберінде Ғылым қорының бірлескен ғылыми-инновациялық жобалардың перспективаларын талқылауға және жасыл технологиялар саласындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған Шанхай ғылым және технологиялар саласындағы алмасу орталығының (SSTEC) өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесуге SSTEC директорының орынбасары […]

Обырдың лазерлік терапиясы, мобильді экзороллер және басқа да жобалар Ғылым қоры АМУ алаңында ұйымдастырған MedTech Технологияларды коммерцияландыру реакторында таныстырылды

⚜Обырдың лазерлік терапиясы, мобильді экзороллер және басқа да жобалар Ғылым қоры АМУ алаңында ұйымдастырған MedTech Технологияларды коммерцияландыру реакторында таныстырылды Астана медицина университетінің базасында ұйымдастырылған Ғылым қоры алаңында ғалымдар медицина саласындағы ғылыми шешімдерді ұсынды. Іс-шара Астана медицина университетінің базасында ұйымдастырылып, ғылыми әзірлемелер мен коммерциялық сектор арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ медицина саласындағы перспективалы жобаларды ілгерілетуге бағытталған. […]

Атырауда «Тауарлардағы жергілікті үлес: ел мен саланың стратегиялық дамуы» атты семинар өтті

⚜Атырауда «Тауарлардағы жергілікті үлес: ел мен саланың стратегиялық дамуы» атты семинар өтті Атырау мұнай және газ университетінде KazService және Теңізшевройл ұйымдастырған семинар өтті. Жиынға АО «Ғылым қоры» басқарма төрағасы Камиль Акатов қатысып, Ғылым қорының негізгі гранттық бағдарламалары мен жаңа жобаларын таныстыра отырып, қордың дамуы мен жалпы қызмет бағыттары туралы баяндады. Ол ғылым мен бизнестің интеграциясын […]

Ғылым қорының қолдауымен күріш қабығынан кремний көміртекті нанокомпозит өндірісі іске қосылды.

Ғылым қорының қолдауымен күріш қабығынан кремний көміртекті нанокомпозит өндірісі іске қосылды. Ғылым қоры басқарма төрағасының орынбасары Сұлтанбек Аймақов күріш қабығынан кремний көміртекті нанокомпозит өндірісінің 1-ші кезегін іске қосуға қатысты. Өндіріс қуаты жылына 1500 тонна полифункционалды кремний көміртегі материалын құрайды. Жобаны Ғылым қорының қолдауымен «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК іске […]

Ғылым қоры қолдаған террасалық тақтаны өндіру технологиясын енгізген жоба елдің құрылыс нарығын қамтамасыз етеді.

Ғылым қоры қолдаған террасалық тақтаны өндіру технологиясын енгізген жоба елдің құрылыс нарығын қамтамасыз етеді. Металлургия және байыту институтының ғалымдары «KazNewTech» компаниясымен бірлесіп ағаш-полимерлік композиттен терраса тақтасын өндіру жобасын іске асыруда. Бұл жоба ғылым мен бизнестің табысты ынтымақтастығының нәтижесі болды және елдің құрылыс нарығына елеулі үлесін қамтамасыз етті. Террасалық тақталар патенттелген технология бойынша жасалады және жеке […]

Ғылым және өнеркәсіп: Ғылым қорының гранты шеңберінде кен орындарын ашық игеру үшін технологиялық шешім әзірленді

Ғылым және өнеркәсіп: Ғылым қорының гранты шеңберінде кен орындарын ашық игеру үшін технологиялық шешім әзірленді Тау-кен жұмыстарын қарқындатудың жаңа әдісін әзірлеу Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті ғалымдары мен ERG сарапшыларының бірлескен күш-жігерінің арқасында мүмкін болды. Жоба Ғылым қорының технологияларын коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру шеңберінде іске асырылуда. Қопсыған аршу жыныстарының қуаты үлкен кен орындарын ашық […]

Ғылым қоры уран өндіру саласын дамыту бойынша ғылыми-технологиялық Хакатонға қатысты

Ғылым қоры уран өндіру саласын дамыту бойынша ғылыми-технологиялық Хакатонға қатысты Хакатонның негізгі мақсаты – кәсіпорындардың өндірістік міндеттері үшін ғылыми-қолданбалы шешімдерді интеграциялау. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен “Қазатопром” ҰАК “АҚ ұйымдастырған ғылыми-технологиялық Хакатон еліміздің ғылыми институттарының, ірі жоғары оқу орындарының 50-ден астам жетекші ғалымдарын жинады. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің алаңында 6 топ ғалымдар […]

Ғылым қоры мен неміс зерттеу қоры (Deutsche Forschungsgemeinschaft) (DFG)

Ғылым қоры мен неміс зерттеу қоры (Deutsche Forschungsgemeinschaft) (DFG) қазақстандық ғалымдарды бірлескен ғылыми жобаларға тарту бағдарламасын жүзеге асыру бастамасын талқылады Технологияларды коммерцияландыру саласындағы неміс ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту мақсатында Ғылым қорында Германияның ең ірі ғылыми ұйымы – Неміс зерттеу қоры (Deutsche Forschungsgemeinschaft, DFG) өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге Ғылым қорының төрағасы Камиль Ақатов, төрағаның орынбасары Әлия […]

Ғылым қоры ERG ғылыми-технологиялық Хакатонына қатысты

Ғылым қоры ERG ғылыми-технологиялық Хакатонына қатысты. Бүгін Павлодар металлургия саласының проблемаларын талқылау орталығына айналды. Ғылыми-инновациялық хакатонда негізгі міндеттерді шешу және өнеркәсіпке инновацияларды енгізу үшін еліміздің ғылыми институттарының, ірі жоғары оқу орындарының және «Қазақстан алюминийі» АҚ (ERG құрамына кіреді) жетекші ғалымдары кездесті. Хакатонның бастамашысы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ERG ғылыми-зерттеу инжинирингтік орталығы болды. […]

Ғылым қоры технологияны коммерцияландыру экожүйесінің мәселелері талқыланған халықаралық Elsevier конференциясына қатысты

⚜Ғылым қоры технологияны коммерцияландыру экожүйесінің мәселелері талқыланған халықаралық Elsevier конференциясына қатысты ✏Халықаралық ғылыми конференцияның орталық назарында ғылым мен бизнестің интеграциясы, технологияларды коммерциализациялау мәселелері және Қазақстанның халықаралық аренада бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған инновациялық шешімдерді әзірлеу мәселелері талқыланды. Конференция барысында ғылыми зерттеулер саласындағы негізгі тенденциялар, жаңа технологиялық жетістіктер, сондай-ақ ғылыми мекемелер, бизнес және мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастық […]