info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

Ғылым қорында «Атамекен» ҰКП Қазақстанның тұқым өсірушілерінің республикалық палатасының басшысы Фарид Құмашұлы Әбітаевпен кездесу өтті

Кездесу барысында Ғылым қоры Басқармасының Төрағасы Ә.А. Шәменов мейманды Қордың қызметімен таныстырды, ҒҒТҚН коммерцияландыру барысында алынған өнімдерді презентациялады. Өз кезегінде, Қазақстанның тұқым өсірушілер палатасының басшысы, Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығының басшысы, «Атамекен» ҰКП Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің мүшесі Фарид Құмашұлы Әбітаев АӨК-те ауыл шаруашылығы өндірістеріне жаңа заманауи технологияларды енгізу тәжірибесімен бөлісті. Мейманға 1 млрд. теңгеден жоғары сатылым […]

Ғылым қорының Басқарма Төрағасы Қазақстан мен Өзбекстан жастарының I Конгресінің жұмысына қатысты.

Қатысушылар жастар саясатының өңірлік және жаһандық сын-қатерлері, жастардың креативті индустрия мен медиаға қосатын үлесі, заманауи esq-күн тәртібіне интеграциялау мәселелерін талқылады. Іс-шара барысында Ғылым қорының Басқарма төрағасы, Президенттік кадр резервінің мүшесі Ә.А. Шәменов «Жаһандық күн тәртібіндегі жастар» сессиясында спикер болып сөз сөйледі. Ол жастардың ғылымды қажетсінетін экономика құруға қатысуы жөнінде айтып берді және жас ғалымдардың технологияларды […]

2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижелері

«Ғылым қоры» АҚ 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың (бұдан әрі – Конкурс) аяқталғаны жөнінде хабарлайды. 2022 жылғы маусымның 6-нан бастап шілденің 14-і аралығында «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (бұдан әрі – Сараптама орталығы) Конкурс шеңберінде өтінімдерді қабылдауды жүзеге асырды. Қабылдауды аяқтау сәтінде […]

«ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ РЕАКТОРЫ» алғаш рет «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында өтеді

2022 жылғы 31 қазанда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында «ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ РЕАКТОРЫ» ғылым мен бизнесті интеграциялау бойынша III мамандандырылған диалог алаңы өтеді. Іс-шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің («Ғылым қоры» АҚ) бастамасымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп өтеді. Бағдарлама | Тіркеу ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының м.а. […]

ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазіргі уақытта мемлекет ауыл мен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударады. Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаев органикалық ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін дамыту және заманауи агротехнологиялар мен инновацияларды енгізу қажеттігін атап өтті. Осы орайда, Шәкәрім шаңырағында «Абай облысындағы өсімдік шаруашылығында сапропельдің әлеуеті» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинар жұмысына университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, «Ғылым қоры» АҚ басшылығы, Абай […]

Kendrick White шеберлік сыныбы

17:00-18:00, 29 қыркүйек 2022 «Ғылым қоры» АҚ технологияларды коммерцияландыру тәжірибесімен отандық кәсіпкерлермен бөлісу үшін халықаралық сарапшы Кендрика Уайтты шақырды. Спикер туралы: Кендрик Уайт – корпоративтік қаржы жөніндегі маман және дамушы нарықтардағы технологияларды коммерцияландырумен, венчурлік инвестициялаумен және портфельді басқарумен байланысты жоғары деңгейдегі басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі бар кәсіпкер, ал қазіргі уақытта AlmaU коммерцияландыру жөніндегі проректоры. Бейсенбі […]

АСТАНАДА ҒЫЛЫМ МЕН БИЗНЕСТІ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым қоры «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірлесіп «Технологияларды коммерцияландыру реакторы» ғылым мен бизнесті интеграциялау бойынша мамандандырылған диалог алаңын ұйымдастырды. Бұл кездесу – ғылыми институттар мен бизнес арасындағы үшінші диалог алаңы. «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы Әбділдә Шаменов осындай іс-шараларды өткізудің практикалық әсерін атап өтті. «17 маусымда өткізілген соңғы […]

Бүгін Ғылым қорында ғылым, технология, мәдениет, экономика және сауда салаларындағы халықаралық ынтымақтастық арналарын кеңейтуге арналған ең ірі инновациялық сервистік алаң – Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Қытай технологияларды тарату орталығының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге Қытай технологияларды тарату орталығының жетекшісі Чжао Чжунъюань, орталықтың Қазақстандағы ресми өкілі Саханов Абай, сондай-ақ орталықтың серіктестері – Цай Цзянсон, «Neutron System» Ltd. директоры, Микулинская Наталья, «Tehnoinfo» Ltd. бас директоры, Кузнецов Артем, «Tehnoinfo» Ltd. директоры және «Ғылым қоры» АҚ басшылығының өкілдері қатысты. Қонақтар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Қытай технологияларды тарату орталығының қызметі, «Tehnoinfo» Ltd., «Neutron System», […]

«SciVal-дағы зерттеулерді коммерцияландыруды ғылыми талдау және қолдау»

«Ғылым қоры» АҚ коммерцияландыру кеңселерінің, университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының ғылым бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлерін, ғалымдарды, сондай-ақ мүдделі тұлғаларды «SciVal саласындағы ғылыми талдау және зерттеулерді коммерцияландыруды қолдау» семинарына шақырады. Өту уақыты: 2022 жылдың 26 тамызы, сағат 15.00-16.00. Спикер: Кирилл Иванов – Elsevier қызметкері, компанияның Орталық Азиядағы, Түркиядағы және Ирандағы академиялық, корпоративтік және үкіметтік клиенттерін жүргізушы. The […]

«Қаржы моделін әзірлеудегі негізгі қателер» семинары

«Ғылым қоры» АҚ коммерцияландыру офистерінің, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ ғылым департаменттерінің басшылары мен қызметкерлерін, ғалымдарды, сондай-ақ мүдделі тұлғаларды «Қаржы моделін әзірлеудегі негізгі қателер» семинарына шақырады. Өткізу уақыты: 2022 жылғы 19 тамыз, сағат 16.00-де. Спикер: Рустам Қараханов, жобалық қаржыландыру және қаржылық менеджмент саласындағы сарапшы, экономика ғылымдарының кандидаты. 2010 жылдан бастап GLG Gerson Lehrman Group ірі […]