Ғылым қоры осы жыл бойы бізбен бірге болып, жұмысымызға қызығушылық танытқандардың барлығына алғысын білдіреді

Ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруды мемлекеттік қаржыландыру көлемі айтарлықтай өсуде. 2023-2025 жылдарға жоспарланған сома 62,1 млрд теңгені құрайды, бұл Қазақстанда коммерцияландыруды қаржыландыру басталғаннан бергі барлық өткен жылдардағы қаржыландыру көлемінің қосындысынан екі еседей артық. Жалпы, Ғылым қоры 300-ге жуық жобаны қолдады, оның ішінде биылғы жылы 72 жоба мақұлданды. 2024–2026 жылдарға арналған байқаудың қорытындысы келесі жылдың бірінші жартыжылдығында күтілуде. […]