info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

Қазақстанның ғылым, инновациялар және технологиялар саласындағы халықаралық ықпалын күшейту шеңберінде Ғылым қорының өкілдері, ҒЗТКЖ басқару және технологияларды коммерцияландыру бойынша сарапшылар ЕО үкіметтік ұйымдарымен, қаржыландыру агенттіктерімен және жетекші еуропалық ғылыми ұйымдармен белсенді әрекеттесті.
Қазақстандық делегация Horizon Europe ұлттық үйлестірушілерінің жыл сайынғы кездесуіне қатысты, сондай-ақ ЕО ғылым және инновациялар министрліктерінің өкілдерімен келіссөздер жүргізді.
Сонымен қатар, ұлттық үйлестіруші, Ғылым қоры Басқарма Төрағасының орынбасары Әлия Сембаева ЕО ғылым және инновация бойынша бағдарламасы аясында зияткерлік меншік, серіктестік, коммерцияландыру және шағын және орта бизнесті қолдау сияқты негізгі бағыттар бойынша тренингтер мен фокус-топтарға қатысты.
Еуропалық Комиссияның DG for Research and Innovation Ғылым және инновациялар жөніндегі басқармасымен негізгі келіссөздер еліміздің халықаралық бағдарламалардағы мүдделерін кеңейтуге бағытталды. Талқылаулар сонымен қатар ҒЗТКЖ жүйесін ЕО бағдарламаларымен үйлестіру үшін зияткерлік меншікті және бағалау әдістерін қоса алғанда, құралдарды енгізуді қамтыды.
Бұл қадам Қазақстан үшін болашақта Horizon Europe аясында қауымдастырылған ел мәртебесіне қол жеткізуге бағытталған стратегиялық бастама болып табылады.
Польшадағы Ұлттық ғылымды басқару операторының кеңсесіне бару тәжірибе алмасуға және ғылым мен бизнесті интеграциялау тәсілдерін, оның ішінде ғылым саласындағы бизнесті салықтық ынталандыру мәселелерімен таныстыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ Қазақстан ұйымдарының ЕО жобаларына қатысу тетіктері мен бағдарламалары таныстырылды.
Сапар соңында Гент университетінің ветеринария факультетіне бару жоспарланды. Отырыста басқарма төрағасының орынбасары Әлия Сембаева Ғылым қоры қоржынындағы жобалар туралы, атап айтқанда «Антиген» ЖШС-нің жануарларға арналған вакцина шығару жобасы туралы айтты. Университет тәжірибе алмасуға дайын екенін білдірсе, профессор Dr. Hans Nauwynck Қазақстанның ветеринариялық зерттеулер саласындағы әзірлемелеріне қызығушылық танытып, қазақстандық ғалымдармен одан әрі ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға дайын екенін білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.