info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

А.ж. 28 ақпанда Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты алаңында Ғылым қорымен «ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ РЕАКТОРЫ» ғылым мен бизнесті интеграциялау бойынша мамандандырылған диалог алаңы ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында Қазақстанның ЖОО мен ҒЗИ ғалымдары Ғылым қоры бизнес-серіктестер клубының мүшелеріне, кәсіпкерлерге және әлеуетті инвесторларға ғылыми идеялары мен әзірлемелерін ұсынды. Әр қатысушы 3 минут ішінде әлеуетті бизнес-серіктестерге өздерінің ғылыми әзірлемелерінің коммерциялық құндылығын жеткізуге міндетті болды.

Ұсынылған жобалар қатарында пайдаланылған өсімдік майларын экологиялық тазарту, өртті сөндіру стикерлерін жасау технологиясы, Space 3D индустриялық принтер, теңдестірілген құрамы бар функционалды сары май, қатты шырғанақ майы және т.б. таныстырылды.

Осы тектес диалог алаңдарын өткізу ғылым мен бизнестің интеграциясын күшейтуге бағытталған, мұнда бизнес өкілдері ғалымдарға жаңа өндірістер құра отырып, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын іске асыруда барынша нәтижелерге қол жеткізуге, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын, бюджетке салық түсімдерін ұйымдастыруды қамтамасыз етуге көмектесе алады.

Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки, Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрағасы Нұржан Жомартұлы Муслимов, Ғылым қорының Басқарма Төрағасы Әбділда Атамұратұлы Шәменов, QazInnovations Басқарма төрағасы Санат Жолдыханұлы Аханов, Дархан Рахметұлы Сейтқазин, «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы директорының орынбасары қатысты. 8 спикер – ғалымдар, 50-ден астам бизнес өкілдері болды.

Іс-шара барысында Ғылым қорының, QazInnovations, «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасының (Дүниежүзілік банк) өкілдері технологияларды коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру бағдарламаларына қатысу шарттары жөнінде айтып берді.

Сондай-ақ, қайта өңдеу және тағам өнеркәсібіндегі ғылыми қызмет нәтижелерінің көрмесі ұйымдастырылды, мұнда бизнесмендер мен ғалымдар технологияларды бірлесіп коммерцияландырудың табысты тәжірибесімен, қол жеткізілген көрсеткіштермен және даму жоспарларымен бөлісті.

Кездесу қорытындысы бойынша бизнес-кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдар арасында ҒҒТҚН коммерцияландырудың 5 жобасы бойынша бірлескен қызмет туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Олар: «Тоқыма өндірісінің қалдықтарынан қалпына келтірілген талшық», «Өсімдік майларын қалпына келтіру цехын ұйымдастыру», «Микрокапсулярлық өрт сөндіру стикерлері», «Populus» плантациялық орман өсіру», «Элиталық таңқурай сорттарын вируссыз отырғызу материалдарын өндіру».

ҒҒТҚН коммерцияландыру жаңа жобарының құны шамамен 2 млрд. теңгені құрайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.