Кездесу барысында Ғылым қоры Басқармасының Төрағасы Ә.А. Шәменов мейманды Қордың қызметімен таныстырды, ҒҒТҚН коммерцияландыру барысында алынған өнімдерді презентациялады.
Өз кезегінде, Қазақстанның тұқым өсірушілер палатасының басшысы, Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығының басшысы, «Атамекен» ҰКП Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің мүшесі Фарид Құмашұлы Әбітаев АӨК-те ауыл шаруашылығы өндірістеріне жаңа заманауи технологияларды енгізу тәжірибесімен бөлісті.
Мейманға 1 млрд. теңгеден жоғары сатылым көрсеткіштеріне қол жеткізген жобалардың «Құрмет тақтасы» түріндегі Қор дәстүрінің көрсетілгенін айта кеткен жөн.
Кездесу соңында, Ғылым қорының Төрағасы Тұқым өсірушілер палатасын алдағы уақытта ынтымақтасу үшін Ғылым қорының бизнес-серіктестер клубына қосылуға шақырды.