info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

13-14 мамыр аралығында өтіп жатқан Тұрақты даму шешімдерін әзірлеу желісінің (SDSN) 2-ші конференциясында осы және басқа да тақырыптар талқыланып жатыр.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзінің бейне жолдауында конференция зерттеу орталықтары және жоғары оқу орындарымен кооперацияны кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік беретінін айтты. “Жыл сайын ведомство жетекші халықаралық ғылыми институттар мен университеттерге тағылымдамадан өтуге 500 ғалымды жіберіп отыр, бұл біздің ғалымдарымызға еуропалық институттармен және жоғары оқу орындарымен бірлесіп, одан әрі даму мен әріптестікке бағытталған бағдарламаларды пысықтауға мүмкіндік береді”, — деді министр.
Конференцияда Бельгия, Нидерланд, Германия, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның сарапшылары мен ғалымдары екі күн ішінде ОА секторларында тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) қалай қолданылып жатқанын айтып, тұрақты дамуды насихаттаудағы жоғары білімнің рөлін талқылайды, осы тақырып бойынша негізгі баяндаманы Лондон колледж университетінің халықаралық білім беру профессоры, доктор Тристан МакКоуэн жасады.
Конференцияда климаттың өзгеруімен күреске бағытталған зерттеулер мен инновацияларды қаржыландыру жөніндегі ЕО-ның негізгі бағдарламасы – Horizon Europe таныстырылды. “Біз жетістіктерімізбен бөлісіп қана қоймай, сондай-ақ тұрақты даму саласында нақты нәтижелерге жеткізетін ортақ жобалар мен зерттеулерге белсенді түрде қатысуға дайынбыз”, — деді Ғылым қорының басқарма төрағасы Камиль Ақатов.
facebook.com/share/p/HJbJLqgsDk2bbnfp/?mibextid=LQQJ4d

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.