info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бақтың биоалуантүрлілігін сақтау бойынша жұмыс жүргізуде. Жобалар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ғылым қорын гранттық қолдау шеңберінде жүзеге асырылуда.
ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің төрағасы Г. Жанқуатовтың айтуынша, “Ботаникалық бақтың өндірістік тәлімбағының әлеуеті зор. Мұнда жыл сайын Арал-Сырдария өңірінің субаридті жағдайында өсіру үшін күйзеліске төзімді, сертификатталған ағаш және бұта өсімдіктерінің 80-150 мың көшеттері өндіріледі.
Бүгінгі таңда, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ және Түркістан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының “Жасыл аймақ” КММ арасында ынтымақтастық туралы келісім бар, оның мақсаты ғылыми-зерттеу қызметін арттыру және әсіресе, дендрологиялық ғылымды дамыту болып табылады. Әрине, бұл ынтымақтастық университеттің ботаникалық бағының коммерциялық әлеуетін кеңейтуге үлкен серпін береді және Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтауға бағытталатын болады”.
Өсімдіктерді биотехнологиялық көбейту бойынша инновациялық зертхана құрылды. Сәндік ағаштардың бейімделгіш және күйзеліске төзімді көшет материалын жедел өсіру жұмыстары жүргізілуде. Оларды гелио жылыжайға отырғызу, сатуға дайындық мерзімін 1 жылға қысқартады, ал өндіріс көлемін 30% – ға арттыруға мүмкіндік береді. Биотехнологиялық зертхананы ауруларды анықтаудың заманауи құралдарымен (ПТР-талдау) жабдықтау, сертификатталған көшеттерді алуға мүмкіндік береді, бұл олардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Осы жобаның нәтижелерін өндіріске енгізу Оңтүстік Қазақстан мен Арал-Сырдария өңірінің тұрғындарын жоғары сапалы сәндік өсімдік көшеттерімен қамтамасыз етеді және болашақта жылына орта есеппен 40,0-ден 150,0 млн.теңгеге дейін пайда табу мүмкіндігі бар.
Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дың ғалымдар ұжымы инновациялық технологияларға сүйене отырып, барлық алма ағаштарының атасы – Сиверс алма ағашының тұқымдық екпелеріне алма бақтарын отырғызуда. Көшеттердің төзімділігі жоғары, бау-бақша отырғызу үшін тірек сымдар қажет емес, бұл әр гектарға 4-5 миллион теңгеге дейін шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді, бұл шаруа қожалықтарына қол жетімді болады. Қазіргі уақытта жоба аясында кептірілген жемістерді өндіру, өңдеу және сақтау цехы іске қосылуда.
Тамшылатып суару жүйесін пайдалану және ол арқылы заманауи органоминералды қоспаларды беру, су ресурстарын 40% – ға дейін үнемдеуге және көшеттердің күйзелістік әсерлерге төзімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жобаның мақсаты Инновациялық технологиялар негізінде биоресурстарды коммерциялық игеру арқылы ботаникалық бақтың құнды гендік қорын сақтау, қалдықсыз өнім өндіру.
Сонымен қатар, қызыл калифорния құрттары мен жемдік ақуызды вермиқоспалардың байытылған биомассасы түйіршіктер түрінде өндіріледі. Жемшөп азықтық қоспасы жануарлар мен өсімдік тектес ақуыздармен байытылған, олар жануарлардың ет өнімділігін арттырады.
facebook.com/share/p/bZtMQUEpRUswCpMa/?mibextid=LQQJ4d

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.