Инновациялық технологиялар негізінде биоресурстарды коммерциялық игеру арқылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ботаникалық бағының бағалы гендік қорын сақтау 

Жоба нөмірі AP15573823
Жоба атауы Инновациялық технологиялар негізінде биоресурстарды коммерциялық игеру арқылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ботаникалық бағының бағалы гендік қорын сақтау
Өтінім беруші Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Грант алушы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жекеше әріптес
Іске асыру мерзімі 2022-2024
Іске асыру орны (қала/облыс) Түркістан облысы
Сала Агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу
Іске асыру мәртебесі іске асырылуда
Жобаның мақсаты    Өндіріс, өңдеу және сақтаудың инновациялық технологиялары негізінде Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ ботаникалық бағының биоресурстарын коммерциялық дамыту арқылы жеміс және сәндік дақылдардың құнды гендік қорын сақтау
Жобаның сипаттамасы 1. Қазақстанда алғаш рет күтім жұмыстары кезінде алынатын биоресурстарды коммерциялық игеру есебінен Жеміс-жидек және сәндік дақылдардың құнды гендік қорын сақтауға мүмкіндік беретін технология қолданылатын болады.                          2. Жоба идеясын енгізу жемістердің экологиялық таза өнімін өндіруге және іске асыруға мүмкіндік береді.              3. Жемістерді сақтау мен өңдеудің инновациялық технологиялары табиғи шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді, ал жемістер мен жидектерді кептірудің ғылыми негізделген технологиясын енгізу нәтижесінде алынған өнімдер бүкіл ел бойынша кептірілген жемістердің импортын алмастыруға ықпал етеді.                          4. Жеміс және ағаш дақылдарының жаңқаларын өндіру, пакеттеу және сату технологиясын енгізу.
Сайт
Бағаларын көрсетумен өткізілетін өнімдер тізбесі 1. Алма ағашының балауса жемістері, кг -200 теңге                                             2. Алмұрттың балуса жемістері, кг – 200 теңге                                                   3. Балауса өрік жемістері, кг-300 теңге                   4. Кептірілген алма, кг-1000 теңге                                                        5. Кептірілген алмұрт, кг-1000 теңге                                                6. Кептірілген өрік (курага), кг-3000 теңге                                                           7. Алма көшеттері, дана-800 теңге                                                        8. Ағаш дақылдарының жаңқалары, текше м. – 150 000 теңге
Жоба командасы (Т.А.Ә.) Апушев Амангельды Каирбекович
Тойжигитова Баян Бойтаевна
Юсупов Бахадир Юлдашович
Салыбекова Нурдана Нуртаевна
Мамадалиев Анвар Шухратұлы