info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

«Сайман-АУЭС» жылуды интеллектуалды есепке алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін жобалау және өндіру

Жоба нөмірі AP15573764
Жоба атауы «Сайман-АУЭС» жылуды интеллектуалды есепке алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін жобалау және өндіру
Өтінім беруші «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ
Грант алушы «Сайман Корпорациясы» ЖШС
Жекеше әріптес «Сайман Корпорациясы» ЖШС
Іске асыру мерзімі 2022-2025 жж
Іске асыру орны (қала/облыс) Алматы қ.
Сала Цифрландыру
Іске асыру мәртебесі іске асырылуда
Жобаның мақсаты Энергия тиімділігін арттыру және көміртегі шығарындыларын азайту қажеттілігінің заманауи талабына сай  Қазақстандағы жылу энергиясын пайдаланушылар мен өндірушілердің өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жылуды зияткерлік есепке алудың цифрлық кешенінің отандық нұсқасын әзірлеу және енгізу.
Жобаның сипаттамасы Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға ұсынылатын нәтиже құрылатын кешеннің прототипін әзірлеу үшін әдіснамалық платформаны құрайтын Қазақстанда жылуды зияткерлік есепке алудың сұранысқа ие отандық бәсекеге қабілетті цифрлық кешенін құрудың мәнін, мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын, әдістерін айқындауға теориялық-әдіснамалық көзқарастар жүйесі болып табылады.  Осы геосаяси жағдайларда ұсынылатын перспективалық нәтиже жылу энергиясын өндіру мен тұтынуды басқарудың цифрлық жүйелерінің негізі болып табылатын жылуды зияткерлік есепке алудың жабдықтары мен бағдарламалық құралдарын импортты алмастыру мәселесін шешеді. Алынған коммерцияландыру нәтижесін пайдаланатын осындай жүйелерді ел көлемінде енгізу энергия тиімділігін арттырудың және көміртегі шығарындыларын азайтудың өзекті міндетін шешеді.
Сайт
Бағаларын көрсетумен өткізілетін өнімдер тізбесі 1.Жылу есептегіш жинағы – 637 000 теңге 2. Бағдарламалық құрал лицензиясы, дана – 1 000 теңге
Жоба командасы (Т.А.Ә.) Утепбергенов Ирбулат Туремуратович
Манатова Гульзат Мухсимхановна
Зікірбай Қуаныш Ерғараұлы
Тойбаева Шара Джолдаспековна
Джексенбинов Дамир Жанатбекович