Жоба жетекшісі: Байсеитов Гани Нуралиевич, т.ғ.к., «R&D центр «Казахстан инжиниринг» ЖШС бас директоры, +77475132000.
ҒҒТҚН атауы: «Шағала-М» ұшқышсыз авиациялық кешені.
Жобаның сипаттамасы: ҚР экономикалық қызметінің түрлі салаларының қажеттіліктері үшін отандық әзірлемедегі ұшқышсыз авиациялық кешендер (ҰАК) өндірісі.
Бәсекелестік артықшылығы: Аппараттың бүкіл өмірлік циклін сүйемелдеуге мүмкіндік беретін отандық бағдарламалық жасақтамасы бар бірегей планер және өнім архитектурасы.
Коммерциялық ұсыныс:
- Қоса қаржыландыру шарттарында ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру бойынша конкурсқа бірлесіп қатысу.
- Жылдық пайдадан 1%-зы шартында біз әзірлеген технологияны енгізу
- Лицензиялық шарт жасасу
Серіктестік үшін ең қолайлы компаниялар: композиттік материалдардан бұйымдар жасауға арналған базасы бар, электронды жабдықтар цехі және сәйкесінше мамандар бар кәсіпорын.