Ғылыми ұйымның атауы | ҒЗЖ атауы | Сіз коммерцияландыруды жоспарлап отырған әзірленген технологияның, өнімнің немесе қызметтің атауы | ҒЗЖ-ның ғылыми жаңашылдығы | ҒЗЖ-ның жаңашылдық деңгейі | Сала | Жобаның ғылыми жетекшісінің аты-жөні, ғылыми дәрежесі, біліктілігі және жұмыс өтілі | Байланыс деректері | Жоба командасы | Жобаны коммерцияландыру нәтижесінде қандай коммерциялық және тұтынушылық мәселелер шешіледі? |
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті | ЖТН AP08855826 “Қашықтан оқыту форматында білім беру үдерісін ұйымдастыруда қазақстандық орыс тілі мен әдебиеті ауылдық мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетуде цифрлық контент құру”. | Орыс тілі мен әдебиеті ауылдық мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетуге арналған цифрлық білім беру ресурсы (ЦБР) | Ғылыми-техникалық деңгей (жаңалық): жоба идеяларының түбегейлі айырмашылығы – ол заманауи қазақстандық білім беруді стратегиялық дамыту, оны жаңғырту және цифрлық трансформациялау талаптарына жауап береді. Жобаның жаңалығы – орта білім беруді қашықтан оқыту форматына және онлайн оқыту элементтеріне көшудің өзекті мәселелері шешіледі, бұл әдістемелік қолдауды қажет ететін мұғалімдерге, әсіресе ауылдық орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне, сондай-ақ олардың цифрлық құзыреттіліктерін қалыптастыруда және жетілдіруде үлкен қиындықтар туғызады. Одан басқа, жобада педагогтің кәсіби дамуын “қашықтықтан” зерделеу міндеті қойылады, ол мынадай факторлармен айқындалады: технологиялық (коммуникация, контент); мазмұнды (жаңа платформалар және жаңа контент, өзіндік цифрлық контент құру); ұйымдастырушылық (оқытудың, кері байланыстың жаңа нысандары мен әдістерін іздеу). Бұл жоба ғылым мен білім беруді дамытуға белгілі бір үлес қосады, әлеуметтік сұраныстың қажеттіліктеріне жауап береді және ауылдық жалпы білім беретін және шағын жинақталған мектептердің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету үшін цифрлық контент құруды көздейді. | Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін пайдалану түрі: Нәтижелер ауылдық орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне цифрлық құзыреттілікті қалыптастыруға, әдістемелік қолдау көрсетуге және қашықтықтан оқыту форматында білім беру үдерісін ұйымдастыруға тікелей ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері орта білім беру саласында таралатын болады және “орыс тілі мен әдебиеті” пәні бойынша цифрлық контенттің әлеуетті пайдаланушылары ретінде қарастырылатын ауылдық жалпы білім беретін және шағын жинақталған мектептердің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету үшін пайдаланылатын болады.; Зерттеу нәтижелері Алматы облысының Іле, Талғар, Қарасай, Көксу, Сарқан, Алакөл аудандарының ауылдық жалпы білім беретін және шағын жинақты мектептерінде сынақтан өткізіледі, алынған ғылыми нәтижелерді орыс тілі мен әдебиеті ауыл мұғалімдерінің біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарын ұйымдастыру және өткізу нысанында коммерцияландыру мүмкіндігі іске асырылады. Жоба нәтижелерінің әлеуметтік әсері қала және ауыл мектептері арасындағы цифрлық алшақтықты жоюға, қазақстандық педагогикалық білім беруді жаңғыртуға және пандемиядан кейінгі әлемде оның цифрлық трансформациялауға бағытталған. | Басымдық бойынша: 6. «Мәңгілік ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер)» Кіші басымдық бойынша: 8.1 XXI ғасырдағы білім, ғылым, мәдениет және спорт проблемаларын іргелі, қолданбалы, пәнаралық зерттеулер; Білім және ғылым саласындағы зерттеулер.Жаһандық әлемдегі Қазақстанны Мәдени мұрасы және қазіргі заманғы мәдениеті | ф.ғ.д., профессор Киынова Ж.К. | 77078891472. zhanarkiynova@gmail.com | Жоба жетекшісі, бас ғылыми қызметкер Кинова Жанар Кабдыляшымовна, жетекші ғылыми қызметкер Оналбаева Айгуль Тыныбековна, жетекші ғылыми қызметкер Саметова Фаузия Толеушаиховна, аға ғылыми қызметкер Феранова Феруза Мерибековна, аға ғылыми қызметкер Орынханова Гибадат Аманжоловна, кіші ғылыми қызметкер қызметкер Курманкулова Амина Куатовна, кіші ғылыми қызметкер Жабыкбай Айжан Женисовна, экономист Мурат Сымбат Жанатовна |
Орыс тілі мен әдебиеті ауылдық мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетуге арналған цифрлық білім беру ресурсы
- Тамыз 3, 2022