info@science-fund.kz   +7 7172 76 85 74

GMP стандарттары бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезіне қарсы “BRUVAC®” және “BRUCON®” вакциналарының өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастыру 

Жоба нөмірі AP15573700
Жоба атауы GMP стандарттары бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезіне қарсы “BRUVAC®” және “BRUCON®” вакциналарының өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастыру
Өтінім беруші “Антиген” Ғылыми-Өндірістік Кәсіпорны” ЖШС
Грант алушы “Антиген” Ғылыми-Өндірістік Кәсіпорны” ЖШС
Жекеше әріптес Жок
Іске асыру мерзімі 2022-2024
Іске асыру орны (қала/облыс) Алматы облысы
Сала Агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу
Іске асыру мәртебесі іске асырылуда
Жобаның мақсаты GMP халықаралық стандарттарына сәйкес “BRUVAC®” қой мен ешкі бруцеллезіне және “BRUCON®” ірі қара мал бруцеллезіне қарсы конъюнктивалық қолдануға арналған вакциналардың өнеркәсіптік өндірісі
Жобаның сипаттамасы Жобаны іске асыру нәтижесінде GMP халықаралық стандарттарына сәйкес мынадай ветеринариялық препараттардың өнеркәсіптік өндірісі жолға қойылады:

1. Қой мен ешкі бруцеллезіне қарсы конъюнктивальдық қолдану үшін Brucella melitensis Rev-1 штаммынан тірі құрғақ “BRUVAC®” вакцинасы.

2. Ірі қара малдың бруцеллезіне қарсы конъюнктивальдық қолдану үшін Brucella abortus-19 штаммынан тірі құрғақ “BRUCON®” вакцинасы.

Өнеркәсіптік отандық өндірісті ұйымдастыру жоғары сапалы, экономикалық тиімді вакциналармен, Қазақстан Республикасының және жақын шет елдердің ветеринариялық қызметтерімен және мал шаруашылығы шаруашылықтарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл жануарлар мен адамдардың бруцеллезі бойынша эпидемиологиялық, эпизоотиялық және экологиялық ахуалдың жақсаруына әкеледі.

Сайт www.antigen.kz
Бағаларын көрсетумен өткізілетін өнімдер тізбесі “Brucella melitensis Rev-1 штаммынан қой мен ешкі бруцеллезіне қарсы конъюнктивті қолдануға арналған тірі құрғақ “BRUVAC®” Вакцина ” – 88,00 тг. 1 доза үшін

“Ірі қара бруцеллезіне қарсы Brucella abortus-19 штаммынан конъюнктивальді қолдануға арналған  “BRUCON®”  тірі құрғақ Вакцинасы ” – 107,00 тг. 1 доза үшін

Жоба командасы (Т.А.Ә.) Ахметсадыков Нурлан Нуролдинович
Ибраев Бахытжан Ниязович
Әбутәліп Әспен Әбутәліпович
Ахметсадыкова Шынар Нурлановна
Крыкбаев Еркин Алийбекович