Өсімдік майларын регенерациялау және тазарту өндірісін ұйымдастыру

Жоба нөмірі DP21681907
Жоба атауы Өсімдік майларын регенерациялау және тазарту өндірісін ұйымдастыру
Өтінім беруші “С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті” КЕАҚ
Грант алушы Жеке кәсіпкер “Сулейменов”
Жекеше әріптес
Іске асыру мерзімі 2023-2025
Іске асыру орны (қала/облысы) Астана
Сала Агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу
Іске асыру мәртебесі Іске асырылуда
Жобаның мақсаты Инновациялық әдіспен өсімдік майларын регенерациялаудың әзірленген технологиясын енгізу арқылы ҒҒТҚ коммерцияландыру
Жобаның сипаттамасы ҒҒТҚ нәтижесі мал жемі өндірісіне және техникалық мақсаттарға бағытталған. Нарықта импорттық және жергілікті өнімдердің жемдік және техникалық майларының жоғары құны байқалады. Пайдаланылған өсімдік майларын қайта пайдалану технологиясын қолдана отырып, кәсіпорынды іске қосу жемшөп өндірісінің, құрылыс компанияларының секторының проблемаларын ғана емес, сонымен қатар қалдықтарды кәдеге жарату мәселелерін де шешуге мүмкіндік береді.
Сайт https://oil-eco.kz/news/
Бағаларын көрсетумен өткізілетін өнімдер тізбесі ҒҒТҚ  нәтижесін коммерцияландыру шеңберінде өнімнің 2 түрін шығару жоспарлануда:                                                       1) регенерацияланған жемшөп майы (қышқыл саны: 0,4 мг КОН/г; пероксид саны: 3,5 ммоль/кг ½О; ылғалдылығы: 0,1%), жобалық қуаты 2,1 тонна/ ауысым – 360 тг                                2) реттелген техникалық май (қышқыл саны: 1,2 мг КОН/г; пероксид саны: 4 ммоль/кг ½О; ылғалдылығы: 0,1%) – 360 тг
Жоба командасы (Т.А.Ә.) Сулейменов Алмас Аскарович
Сатаева Жулдыз Исаковна
Машанова Нурбиби Советовна
Смагулова Миргуль Есенгалиевна
Камбаров Тынык Акимбергенович
Нурсеитова Марал Жанатовна