Өнеркәсіптік қолдану үшін экологиялық таза эпоксидті шайырларды өндіру

Жоба нөмірі AP15573473
Жоба атауы Өнеркәсіптік қолдану үшін экологиялық таза эпоксидті шайырларды өндіру
Өтінім беруші Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ
Грант алушы «Elcos Marketing» ЖШС
Жекеше әріптес «Elcos Marketing» ЖШС
Іске асыру мерзімі 2022-2024 ж.
Іске асыру орны (қала/облыс) Алматы қ.
Сала Химия өнеркәсібі
Іске асыру мәртебесі іске асырылуда
Жобаның мақсаты Жақсартылған сипаттамалары бар сұйық эпоксидті шайырлардың тәжірибелік өндірісін құру
Жобаның сипаттамасы Эпоксидті шайырлар әзірленді – еріткіш қолданбай, катализатор ретінде 50% натрий гидроксиді қатысуымен модификацияланған бисфенолдар А және F, поликарбонат және эпихлоргидрин арасындағы реакцияға негізделген материалдар. (Эпоксидті шайырлардың қасиеттерін сынау актісі бар).
Технологияның бірегейлігі мен жаңалығы: өндіріс кезіндегі қалыпты температура, реакцияда еріткіштің болмауы, өндіріс кезінде жоғары коррозиялық химиялық заттардың болмауы, катализатор ретінде жаңа реагенттер. Мұның бәрі өнімнің өзіндік құнын төмендетеді.
Технологияның нарықтағы өзектілігі: СЭС-ті қолданудың негізгі мәселесі: жоғары қаттылық және шөгуінің жоғары пайызы. Біздің Elcos-NG1010, Elcos-NG1010 және Elcos-NG2050 өнімдері кішіреймейді, бірақ сонымен бірге олардың механикалық қасиеттері, химиялық төзімділігі және суға төзімділігі жақсарды. Жетілдірілген технологияның арқасында материалдар аналогтардың нарықтық құнынан 10-15% арзан шығарылады.
Сайт
Бағаларын көрсетумен өткізілетін өнімдер тізбесі 1) Elcos-NG1010
Бисфенол А негізіндегі орташа тұтқырлықтағы модификацияланбаған эпоксидті шайыр. Сату бағасы 3362 теңге.
2) Elcos-NG2060
Бисфенол А негізіндегі жартылай қатты эпоксидті шайыр. Сату бағасы 3106 теңге.
3) Elcos-NG2020
Алифатикалық моноглицидил эфирімен модификацияланған бисфенол А негізіндегі төмен тұтқыр эпоксидті шайыр. Сату бағасы 3208 теңге.
Жоба командасы (Т.А.Ә.) Елигбаева Гульжахан Жакпаровна
Искалиева Асылзат Жамбуловна
Ирмухаметова Галия Серикбаевна
Негим Аттиа Эльсайд Муса Эльишмави
Бекбаева Ляззат Кайратовна