info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

Қалдықтарды мал азығына қайта өңдеу арқылы қант қонақжүгерісінен шәрбаттар мен сұйық қантты өндіру технологиясын коммерцияландыру 

Жоба нөмірі AP15573620
Жоба атауы Қалдықтарды мал азығына қайта өңдеу арқылы қант қонақжүгерісінен шәрбаттар мен сұйық қантты өндіру технологиясын коммерцияландыру
Өтінім беруші «Алматы технологиялық университеті» акционерлік қоғамы
Грант алушы «Орда» өндірістік серіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Жекеше әріптес «Орда» өндірістік серіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Іске асыру мерзімі 2022-2024 ж.
Іске асыру орны (қала/облыс) Маңғыстау облысы
Сала Агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу
Іске асыру мәртебесі іске асырылуда
Жобаның мақсаты Тәтті қонақжүгерінің отандық сорттарынан тамақ өнеркәсібіне экологиялық таза сироптар мен сұйық қантты қалдықсыз өңдеу технологиясын тәуекелді егіншілік аймақтарында қантты құрамдастарға айналдырып, жануарлардың өнімділігін арттыратын жоғары тиімді құрама жем өндіруге мүмкіндік беретін технологияны енгізу.
Жобаның сипаттамасы Қазіргі геосаяси жағдайға байланысты республикада қанттың өткір тапшылығы байқалады – Ресей Қазақстанға қант экспортына тыйым салды. Бұл ретте республика отандық қантпен 27%-ға ғана қамтамасыз етілген – тапшылық 73%-дан астам. Дәл осындай жағдай құрама жемде де байқалады – жылдық қажеттілік 5 миллион тонна болса, бар болғаны 2-2,5 миллион тонна ғана өндіріледі.
Осыған байланысты «Қалдықтарды мал азығына қайта өңдеу арқылы қант қонақжүгерісінен шәрбаттарм мен және сұйық қантты өндіру технологиясын коммерцияландыру» жобасы өзекті болып табылады.
Жобаны жүзеге асыру кондитер өнеркәсібі мен ел тұрғындары үшін тәтті қонақжүгерінің отандық сорттарынан сұйық қант өндіруге, қонақжүгері шәрбатын шет мемлекеттерге экспорттауға, өңдеу қалдықтарынан жоғары тиімді мал азығын алуға мүмкіндік береді.
Қант қонақжүгерісінен жасалған тағам өнімдері табиғи, экологиялық таза, қант диабетімен ауыратын науқастарға, балалар тағамын өндіруге және т.б.
Қант қонақжүгерісін өңдеу қалдықтарынан алынған құрама жем құрамында ақуыз, микроэлементтер және витаминдер көп, олардың тиімділігі кәдімгі құрама жемге қарағанда әлдеқайда жоғары.
Сайт жоқ
Бағаларын көрсетумен өткізілетін өнімдер тізбесі Қонақжүгерінің сұйық қанты – 470 тг/кг.
Қонақжүгері шәрбаты – 1860 тг/кг
Жоғары тиімділікті құрама жем – 160 тг/кг
Жоба командасы (Т.А.Ә.) Сулейменов Ербулат Джандирбаевич
Изтаев Ауелбек Изтаевич
Языкбаев Еркин Сагитович
Шойынбаев Аскар Токтанаевич
Хусайнов Болат Базарбаевич