А, О және Азия 1 типті аусыл вирусына антиденелерді анықтауға арналған тест-жүйелердің отандық өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастыру.

Жоба нөмірі DP21681664
Жоба атауы А, О және Азия 1 типті аусыл вирусына антиденелерді анықтауға арналған тест-жүйелердің отандық өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастыру.
Өтінім беруші “Ғылыми-зерттеу өндірістік орталығы “MVA Group” ЖШС
Грант алушы “Ғылыми-зерттеу өндірістік орталығы “MVA Group” ЖШС
Жекеше әріптес “Ғылыми-зерттеу өндірістік орталығы “MVA Group” ЖШС
Іске асыру мерзімі 2023 -2025
Іске асыру орны (қала/облысы) Алматы облысы
Сала Агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу
Іске асыру мәртебесі Іске асырылуда
Жобаның мақсаты Нарықты отандық биопрепараттармен қамтамасыз ету үшін А, О және Азия-1 типті аусыл вирусына антиденелерді анықтау үшін өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру және реагенттер жиынтығын іске асыру.
Жобаның сипаттамасы Жоба бойынша зерттеулер біздің еліміз үшін өзекті мәселе – ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру есебінен диагностикалық препараттардың отандық өндірісін ұйымдастыруға арналған.
Бүкіл әлем бойынша аусыл ауруының өршуінің артуы, шекаралас елдердегі және Қазақстандағы тұрақсыз эпизоотиялық ахуал, сондай-ақ тиімді күрес шаралары мен диагностика құралдарының болмауы осы жобаны әзірлеу мен іске асыруға негіз болды.
Жоба аясында келесі препараттардың өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастыру жоспарланған:
1. Иммуноферменттік талдау әдісімен А типті аусыл вирусына антиденелерді анықтауға арналған реагенттер жиынтығы.
2. Иммуноферменттік талдау әдісімен О типті аусыл вирусына антиденелерді анықтауға арналған реагенттер жиынтығы.
3. Иммуноферменттік талдау әдісімен Азия-1 типті аусыл вирусына антиденелерді анықтауға арналған реагенттер жиынтығы.
Отандық диагностикалық препараттар өндірісін ұйымдастыру шет елдерден тест-жүйелер импортынан бас тартуға мүмкіндік береді, шет мемлекеттердің нарықтарына шығудың нақты перспективасы пайда болады, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсарады және мемлекеттің биологиялық қауіпсіздігін нығайтуға лайықты үлес қосады.
Сайт https://mvagroupkz.tilda.ws/
Бағаларын көрсетумен өткізілетін өнімдер тізбесі Иммуноферменттік талдау әдісімен А типті аусыл вирусына антиденелерді анықтауға арналған реагенттердің жиынтығы – бір дозасы 300 теңге
Иммуноферменттік талдау әдісімен О типті аусыл вирусына антиденелерді анықтауға арналған реагенттердің жиынтығы – бір дозасы 300 теңге
Иммуноферменттік талдау әдісімен Азия-1 типті аусыл вирусына антиденелерді анықтауға арналған реагенттердің жиынтығы – бір дозасы 300 теңге
Жоба командасы (Т.А.Ә.) Орынбаев Мухит Бармакулы
Давлятшин Тимур Ильфритович
Намет Айдар Мырзахметұлы
Хайруллин Берик Мухитович
Абельдинов Ерлан Гинаятович