info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

Өсімдік шикізатын консервілеу үшін жетілдірілген бактериялық препарат өндірісін ұйымдастыру

Жоба нөмірі AP15573932
Жоба атауы Өсімдік шикізатын консервілеу үшін жетілдірілген бактериялық препарат өндірісін ұйымдастыру
Өтінім беруші «Промышленная микробиология» ЖШС
Грант алушы «Промышленная микробиология» ЖШС
Жекеше әріптес
Іске асыру мерзімі 2022-2025 жылдар
Іске асыру орны (қала/облыс) Алматы қ.
Сала Агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу
Іске асыру мәртебесі іске асырылуда
Жобаның мақсаты Ауыл шаруашылық малдарының өнімділігін арттыруға ықпал ететін сапалы сүрлемделген және пішенделген өсімдік азықтарын алу мақсатында өсімдік шикізатын консервілеуге арналған жетілдірілген бактериялық препарат өндірісін ұйымдастыру.
Жобаның сипаттамасы Құрамына сүт қышқылды және пропионқышқылды бактериялардың неғұрлым белсенді штаммдарын енгізу және оны өндіру технологиясын оңтайландыру есебінен тиімділігі жоғары өсімдік шикізатының әр түрін консервілеуге арналған жетілдірілген бактериялық препарат. Сүрлемделген және пішенделген өсімдік азығының сапасын, сондай-ақ тұтынушылар үшін ең аз және тиімді баға ретінде ауыл шаруашылығы малдарының  өнімділігін арттыруға ықпал етеді.
Сайт www.pm-aks.kz
Бағаларын көрсетумен өткізілетін өнімдер тізбесі өсімдік шикізатын сүрлеу мен пішендеуге арналған бактериялық препарат.                                           Өнімнің есептік өзіндік құны 801,79 тг/л, өнімнің соңғы құны 1300 тг/л құрайды.
Жоба командасы (Т.А.Ә.) 1. А.Қ. Саданов, б.ғ.д., профессор, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты – жоба жетекшісі.
2. Е.Ж. Шорабаев, б.ғ.к.,  ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – жобаны коммерцияландыру жөніндегі маман.
3. Н.Н. Гаврилова, б.ғ.д., профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – бас ғылыми қызметкер.
4. И.А. Ратникова, б.ғ.д., доцент, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – бас ғылыми қызметкер.
5. Хворостов С.А. – инженер-технолог.