info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

Құс шаруашылығы қалдықтарынан органикалық және органоминералды тыңайтқыштар өндіру

Жоба нөмірі АР15573887
Жоба атауы Құс шаруашылығы қалдықтарынан органикалық және органоминералды тыңайтқыштар өндіру
Өтінім беруші «Жаңа материалдар институты» ЖШС
Грант алушы “Lucrum Agro” ЖШС
Жекеше әріптес Абакумов С.А. ЖК
Іске асыру мерзімі  2022-2024 жж.
Іске асыру орны (қала/облыс) Шығыс Қазақстан облысы
Сала Агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу
Іске асыру мәртебесі іске асырылуда
Жобаның мақсаты Биогаз қондырғысында тауық көңін өңдеу арқылы алынған органикалық және органоминералды тыңайтқыштарды өндіру
Жобаның сипаттамасы Тауық көңі жоғары концентрацияланған органикалық тыңайтқыштардың бірі болып табылады, бірақ оны қолдану аммиактың жоғары концентрациясын, гельминттермен ластануын жоюға және сонымен қатар қоректік заттардың жоғалуын болдырмау үшін топыраққа дереу енгізуге қатысты алдын ала дайындықты қажет етеді. Жоба аясында тауық көңінің ашытуы биогаз қондырғысында газ және органикалық тыңайтқыштар түзіліп, одан кейін минералды қоспаларды қосу арқылы жүзеге асырылады. Жобада органикалық және органоминералды тыңайтқыштардың 3 түрі қарастырылған: сұйық, қатты және қапталған. Технология қатты және сұйық тыңайтқыштардың топыраққа әсерін ұзарту үшін биологиялық ыдырайтын полимерді (карбоксиметилцеллюлоза, ЦМС) қолдануды қарастырады. Биополимер тыңайтқыштардың тиімділігін арттыруға және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға арналған. Полимер барлық дақылдарға қолдануға болатын тыңайтқыштардың бір бөлігімен араластыру үшін қолданылады.
Сайт
Бағаларын көрсетумен өткізілетін өнімдер тізбесі Сұйық, қатты және қапталған тыңайтқыштар. Баға саясаты шығыс материалдарының ағымдағы бағасына байланысты жобаны аяқтау және өнімнің бірінші партиясын шығару аяқталуымен анықталады.
Жоба командасы (Т.А.Ә.) Ищанова Айгерим Кудайбергеновна
Акберлиев Аслан Бузаубакович
Жилкашинова Альмира Михайловна
Николаева Валентина Николавена
Доланбаева Гүлсайын Тойкенқызы