info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

Орманды қалпына келтіру және көгалдандыру үшін жабық тамыр жүйесі бар кәдімгі қарағайдың селекциялық-жақсартылған және сорттық отырғызу материалын өсіру

Жоба нөмірі DP21681425
Жоба атауы Орманды қалпына келтіру және көгалдандыру үшін жабық тамыр жүйесі бар кәдімгі қарағайдың селекциялық-жақсартылған және сорттық отырғызу материалын өсіру
Өтінім беруші «Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Грант алушы «Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Жекеше әріптес
Іске асыру мерзімі 2023-2025
Іске асыру орны (қала/облысы) Ақмола облысы
Сала Экология
Іске асыру мәртебесі жүзеге асырылуда
Жобаның мақсаты Қазақстанның солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерінде орманды қалпына келтіру және көгалдандыру үшін жабық тамыр жүйесі бар кәдімгі қарағайдың селекциялық-жақсартылған және сорттық отырғызу материалын өсіру болып табылады.
Жобаның сипаттамасы Жобаны іске асыру нәтижесінде берік және жоғары өнімді екпелер жасауға мүмкіндік беретін жабық тамыр жүйесі бар кәдімгі қарағайдың жоғары сапалы селекциялық-жақсартылған және сорттық отырғызу материалы алынады.
Бұл отырғызу материалы орманды қалпына келтіру және орман өсіру кезінде қарапайым қарағай көшеттерінің тамырланып өсіп кетуі және сақталуын арттыруға ықпал етеді. Жобаның жаңашылдығы-отырғызу материалы жабық тамыр жүйесі бар көшеттерді өсіруді қолдана отырып, Ә.Н. Бөкейхан атындағы ҚазОШАҒЗИ ғалымдары өсірген қарапайым қарағайдың сорттық тұқымдарынан өсіріледі.
Сайт https://gp-kazniilha.kz
Бағаларын көрсетумен өткізілетін өнімдер тізбесі Жабық тамыр жүйесі бар кәдімгі қарағайдың селекциялық-жақсартылған және сорттық отырғызу материалы бір бірлігіне 100,28 теңге тұрады.
Жоба командасы (Т.А.Ә.) Рахымжанов Ә.Н., жобаның жетекшісі; Корниенко И.Э. коммерцияландыру жөніндегі маман; Темірова Л.О. экономикалық сектордың жетекшісі; Кабанов А.Н., технологиялық сектордың жетекшісі; Чеботько Н.К., ғылыми сектордың жетекшісі; Кочегаров И.С., өндірістік сектордың жетекшісі