info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

“Инновациялық ресурс үнемдейтін композиттік материалдарды пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға арналған жаңбырлатқыш машиналардың жетегін жаңғырту”

Жоба нөмірі DP21681546
Жоба атауы “Инновациялық ресурс үнемдейтін композиттік материалдарды пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға арналған жаңбырлатқыш машиналардың жетегін жаңғырту”
Өтінім беруші “Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті” коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Грант алушы “ADAM manufacturing” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Жекеше әріптес “SPACETIME” жеке кәсіпкері
Іске асыру мерзімі 2023-2025
Іске асыру орны (қала/облысы) Астана
Сала Машина жасау
Іске асыру мәртебесі жүзеге асырылуда
Жобаның мақсаты Жетек конструкциясында инновациялық композиттік материалдарды қолдана отырып, дөңгелек үлгідегі жаңбырлатқыш машиналар өндірісін құру
Жобаның сипаттамасы Жоба ауыл шаруашылығының отандық суару жүйелеріне қажеттіліктерін қамтамасыз ету мәселелерін шешуге арналған. Бұл көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді: суды үнемдеу, өнімділікті арттыру, дала жұмыстарының өзіндік құнын төмендету, болашақта ауыл шаруашылығы саласының логистикалық және сервистік шығындарын бірнеше есе қысқартады. Жоба шеңберінде кейіннен конструкцияларды монтаждау, техникалық және сервистік сүйемелдеу, конструкцияларды автоматика жүйелерімен жарақтандыру арқылы дөңгелек үлгідегі жаңбырлатқыш машиналардың кешенді өндірісін ұйымдастыру жоспарлануда.
Сайт https://subereke.kz/
Бағаларын көрсетумен өткізілетін өнімдер тізбесі Әмбебап көп секциялы – “SU BEREKE”қосымша суару жүйесі. 1 гектарға есептегенде 700 мың теңге, 100 гектарға арналған машина -70 млн. теңге
Жоба командасы (Т.А.Ә.) 1. Басқанбаева Динара Жұмабайқызы-жетекші ғылыми қызметкер; 2. Бортебаев Сайын Әбілханұлы-жоба жетекшісі; 3. Елемесов Қасым Коптлеуұлы-ғылыми қызметкер; 4. Итабаев Арман Асқарұлы-коммерцияландыру жөніндегі маман; 5. Сәрсенов Ілияс Серікұлы-өндіруші тарапынан жобаның үйлестірушісі; 6. Тихомирова Светлана Ахметовна-Есепші