Құрметті ғылыми жобалар бойынша гранттық аржыландыру конкурстарының қатысушылары! Сіздерді соңғы уақытта белгісіз адамдардың өтінімдерді дайындау мен рәсімдеуге, жобаларды сарапшылар мен Ұлттық ғылыми кеңестер арқылы ілгерілетуге, сондай-ақ басқа да қызметтерді ақылы негізде ұсыну фактілерінің қайта орын алып отырғаны туралы хабардар етеміз. Ресми түрде мәлімдейміз: “АҚ Ғылым қоры” бұл қызметтерге қатысы жоқ. Конкурсқа өтінімдерді дайындау бойынша барлық консультациялар тегін жүргізіледі және тек “АҚ Ғылым қоры” қызметкерлерінің жұмыс телефондары арқылы немесе ресми онлайн-консультациялар аясында көрсетіледі. Сонымен қатар, «ҰҒТСО» АҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинеттердің иелері бөгде адамдардың жүйеге кіруіне жол бергені үшін жеке жауапкершілік көтеретінін ескертеміз. Еске саламыз, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алаяқтық әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылған. Баршаңызды мұқият болуға шақырамыз және барлық сұрақтар бойынша тек “АҚ Ғылым қоры”-ның ресми байланыс нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.