Форум аясында спикер ретінде Ғылым қорының Басқарма төрағасы Камиль Ақатов сөз сөйледі.
Сессия модераторы болып Нурсултан Шоканов, Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасының төрағасы, сондай-ақ «Qazinnovation инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Санат Аханов, Omir Group технологиялық компаниясының тең құрылтайшысы, CEO Димаш Кунаев, Schulich startups (Канада) қауымдастығының мүшесі, Айбек Ергожаев, «Нарықты мониторингілеу және сараптау орталығы» ЖШС басшысы және т.б спикерлер ретінде қатысты.
Кездесу барысында кәсіпкерлер, ғалымдар мен мемлекет арасындағы ынтымақтастықты ынталандыру құралдары талқыланды.
Камиль Ақатов атап өткендей, «ғылым және бизнес ықпалдастығының оң динамикасы байқалады. Бүгінгі таңда бизнес қоғамдастық ғалымдармен белсенді қарым-қатынастың маңыздылығын түсінеді. Нақты экономика мен ғалымдарды біріктірудің ең перспективалық тетіктерінің бірі – ғылыми-зерттеу жұмыстарына бірлесіп қатысу болып табылады». Спикер Ғылым қорының қызметі және технологияларды коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру мүмкіндіктері туралы хабардар етті.
«Digital Almaty» – цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған диалог алаңы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.