Ғалымдар мен жоғары деңгейдегі инженер-сарапшылардан құралған қазақстандық мамандар командасы Ғылым қорының қолдауымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің “Ядролық физика институты” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мақсатқа арналған гидрогельді таңғыштарды сериялық өндіретін учаске құру жобасын жүзеге асыруда.

Жобаның мақсаты – ГОСТ ISO 13485 заманауи стандартының талаптарына сай келетін өндіріс учаскесін құру, сондай-ақ өнім түрлері мен көлемін арттыру. «AQUA DRESS» таңғыштары келесі жағдайларда қолданылады: • I–III дәрежелі күйіктер кезінде алғашқы көмек көрсетуге; • шағын жаралар мен ойық жараларда (1 дм² дейін), сондай-ақ теріні көшіруге дайындауда; • жараларды жарақаттан, кебуден және инфекциядан қорғауға; • […]

Ғылым қорының қолдауымен «ВМП Астана зауыты» ЖШС мұнай-өнеркәсіп жабдықтарына арналған коррозияға қарсы фосфатты материалдарды әзірлеу жобасын сәтті іске асырды.

Жоба аясында технологиялық желі құрылып, өнімнің сынамалық партиясы өндірілді және әзірленген құрамдарға екі патент алынды. Жаңа өнім жоғары тиімділігімен және экологиялық тазалығымен ерекшеленеді. Ол металл беттерін коррозиядан сенімді қорғайды, қолдануға оңай және жоғары энергия шығындарын талап етпейді. Осы қасиеттерінің арқасында бұл материалдар химия, металлургия, машина жасау және мұнай өндіру сияқты салаларда қолданыс тапты. Жобаның алғашқы […]

Ғылым қоры Еуропалық одақтың ғылым және инновация бағдарламасының ұлттық үйлестірушілерінің жыл сайынғы кездесуіне қатысты

Ғылым қоры Еуропалық одақтың ғылым және инновация бағдарламасының ұлттық үйлестірушілерінің жыл сайынғы кездесуіне қатысты   12 қараша күні Брюссельде Еуропалық Одақтың «Horizon Europe» ғылым және инновация бағдарламасының 7-ші ұлттық үйлестірушілер кездесуі өтті. Қазақстан тарапынан Horizon Europe бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі, Ғылым қоры басқарма төрағасының орынбасары, доктор Әлия Сембаева отырысқа қатысты. Кездесу барысында Horizon Europe бағдарламасының негізгі […]

«Ғылым қоры» Сәтбаев университетінің 90 жылдығына арналған форумға қатысып, Қазақстандағы ғылым мен технологияларды қолдаудың жаңа әдістері мен құралдарын таныстырды. Форум аясында өткен ғылымды коммерцияландыру және технология трансфері бойынша панельдік сессияда қордың бастамалары талқыланды.

«Ғылым қоры» Сәтбаев университетінің 90 жылдығына арналған форумға қатысып, Қазақстандағы ғылым мен технологияларды қолдаудың жаңа әдістері мен құралдарын таныстырды. Форум аясында өткен ғылымды коммерцияландыру және технология трансфері бойынша панельдік сессияда қордың бастамалары талқыланды. Биыл қабылданған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң «Ғылым қорының» қызмет аясын кеңейтіп, жаңа құралдарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Олардың қатарында венчурлік […]

Ғылым қоры ғылыми-технологиялық хакатондарды өткізу бойынша ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жұмыс органы ретінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ-мен кездесуге қатысты

Ғылым қоры ғылыми-технологиялық хакатондарды өткізу бойынша ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жұмыс органы ретінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ-мен кездесуге қатысты ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповпен кездесу өткізді. Кездесу барысында 2024 және 2025 жылдары Қазақстанның негізгі қалаларында бірқатар технологиялық сессиялар (хакатондар) өткізу туралы келісімге қол […]

2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімінің ұзартылғандығы туралы хабарландыру

2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімінің ұзартылғандығы туралы хабарландыру   «Ғылым қоры» АҚ 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімінің ұзартылғандығы туралы хабарлайды.   Конкурстық құжаттама «Қазақстан Республикасы Ғылым […]

ШЫҰ технологиялар трансферті орталығына ғылым мен бизнесті интеграциялау, инвестициялар тарту шеңберінде Ғылым қорының портфелінен перспективалы ғылыми жобалар таныстырылды

Кездесу барысында «Ғылым Қоры» Басқарма төрағасы Камиль Акатов ШЫҰ технологиялар трансфері орталығының директоры Чжао Чжунюанды Ғылым қорының қызметімен таныстырды. Тараптар технологияларды коммерцияландыру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын қарастырды. Кездесуде гетероқұрылымдық күн батареялары негізінде күн модульдерін өндіру, физика-техникалық институтының ванадий ағынды аккумуляторлары үшін аралас ванадий оксидтерін алу технологиясын әзірлеу, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы “Еуразиялық физика-энергетикалық зерттеулер және […]

Еуроодақ Қазақстан ғалымдарының тұрақты даму саласындағы зерттеулерін қаржыландыруға дайын

13-14 мамыр аралығында өтіп жатқан Тұрақты даму шешімдерін әзірлеу желісінің (SDSN) 2-ші конференциясында осы және басқа да тақырыптар талқыланып жатыр. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзінің бейне жолдауында конференция зерттеу орталықтары және жоғары оқу орындарымен кооперацияны кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік беретінін айтты. “Жыл сайын ведомство жетекші халықаралық ғылыми институттар мен университеттерге […]

Венчурлық қаржыландыру экожүйесін дамытуды ынталандыру мақсатында Ғылым қоры «Технологияларды коммерцияландыру нүктесі» диалогтық алаңын ұйымдастырды

Кездесудің мақсаты – Қазақстанда технологияларды коммерцияландыруды жеделдету үшін венчурлық инвестицияларды қоса алғанда, қаржы құралдарын пайдалану және дамыту бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болды. «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң жобасы аясында венчурлық инвестиция ғылымды, оның ішінде Ғылым қорының функцияларын коммерцияландыруды дамытудың жаңа құралына айналады. Іс-шараға Дүниежүзілік банктің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобаларды басқару тобының өкілдері, […]

Ғылым Қорының жобалары Kazakhstan Machinery Fair 2024 өңдеу өнеркәсібінің халықаралық көрмесінде ұсынылған

Kazakhstan Machinery Fair-бұл Қазақстан мен Орталық Азиядағы машина жасау және металл өңдеу саласындағы басты оқиға болып табылатын халықаралық көрме. Іс-шара жаңа жабдықтарды өндірушілерді, жеткізушілерді және тұтынушыларды, машина жасау және металл өңдеу саласындағы жетекші компанияларды және мемлекеттік сектор мен бейінді бизнес-қауымдастықтардың өкілдерін біріктіреді. Көрме алаңдарында өнеркәсіп және металлургия саласындағы Ғылым қорының портфелінен жобалар ұсынылған. Олардың қатарында […]