info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

«Ғылым қоры» АҚ 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың (бұдан әрі – Конкурс) аяқталғаны жөнінде хабарлайды.

2023 жылғы 01-ші маусымынан бастап шілденің 10 аралығында «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (бұдан әрі – Сараптама орталығы) Конкурс шеңберінде өтінімдерді қабылдауды жүзеге асырды.

Қабылдауды аяқтау сәтінде автоматтандырылған ақпараттық жүйеде 320 өтінім тіркелді.

Тексеру нәтижелері бойынша Сараптама орталығымен сәйкес келетін 233 өтінім және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін 87 өтінім анықталды. ҰҒК-мен өтінімдерді қарау үрдісінде бір өтінім өтінім берушімен қайтарылып алынды.

Ұлттық ғылыми кеңес отырыстарының қорытындысы бойынша «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру» бағыты бойынша тізбеге сәйкес Конкурстың 76 жеңімпазы анықталды.

2023 жылғы 25 қыркүйек – 11 қазан «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру» бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің № 11 отырыс хаттамасынан № 1 үзінді-көшірме.