info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

«Ғылым қоры» АҚ 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың (бұдан әрі – Конкурс) аяқталғаны жөнінде хабарлайды.

2022 жылғы маусымның 6-нан бастап шілденің 14-і аралығында «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (бұдан әрі – Сараптама орталығы) Конкурс шеңберінде өтінімдерді қабылдауды жүзеге асырды.

Қабылдауды аяқтау сәтінде автоматтандырылған ақпараттық жүйеде 152 өтінім тіркелді.

Сараптама орталығының тексеру нәтижелері бойынша конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін 134 өтінім және сәйкес келмейтін 18 өтінім анықталды. ҰҒК өтінімдерді қарастыру үрдісі кезінде 1 өтінім беруші өз өтінімін қайтарып алды.

Ұлттық ғылыми кеңес отырыстарының қорытындысы бойынша «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру» бағыты бойынша тізбеге сәйкес Конкурстың 72 жеңімпазы анықталды.

2022 жылғы 09-24 қарашадағы «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру» бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің № 2 отырыс хаттамасынан № 1 үзінді-көшірме.