Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының инновациялық әлеуетін дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Талқылауға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки, Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Асылхан Бибосынов, Ғылым қоры басқармасының төрағасы Камиль Ақатов қатысты.
Отырыс барысында Қазақстанның инновациялық экономикасын дамытудың мәселелері мен нақты шешімдері, оның ішінде қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу қарастырылды.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки және Ғылым комитетінің төрағасының орынбасары Асылхан Бибосинов баяндама жасады.