ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан сарапшылар қатысқан қазақстандық делегация ғылым және жаңа технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мен тереңдетуді жалғастыруда.
АҚШ-та ғылым мен технологияның дамуына жауапты Ұлттық ғылым қорының (NSF) өкілдерімен кездесу кезінде байланыстар орнатылып, ҒЗТКЖ және технологияларды коммерцияландыруды басқарудың тиімді шаралары туралы пікірталас жүргізілді.
NSF – зерттеу орталықтары мен жеке зерттеушілерді қаржыландыратын АҚШ үкіметінің ең ірі тәуелсіз агенттігі. Қор университеттер мен жеке компаниялар арасындағы бірлескен зерттеулерді, халықаралық ғылыми және инженерлік бағдарламаларды және барлық деңгейдегі білім беру саласында қолдау көрсетеді.
Ғылым қоры басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әлия Сембаева мұндай кездесулер екі ел арасындағы ғылым мен инновация саласындағы өзара іс-қимыл, тәжірибе алмасу және стратегиялық серіктестік орнату үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын баса айтты.
Сонымен қатар, қазақстандық делегация George Washington University, Georgetown University, George Mason University, Boston University университеттерінің коммерцияландыру кеңселеріне баруды, АҚШ-тағы қазақстандық ғалымдармен, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарымен кездесуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшілігіне баруды жоспарлап отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.