info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

Heriot Watt – мұнай инженериясы, электр энергетикасы, математика, IT бойынша қолданбалы әзірлемелермен танымал Ұлыбританияның ең көне техникалық университеті.
Айта кетейік, Heriot Watt британдық жоғары оқу орнының филиалы Мемлекет басшысының жоғары білім беру жүйесін қайта форматтау тапсырмасын орындау мақсатында Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында ашылған болатын.
Ғылым қорының сарапшылары университетке сапар барысында оқу орнының жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдардағы ғылыми әзірлемелерімен танысты. Кездесу барысында сарапшылар Heriot Watt университетінің коммерцияландыру кеңсесінің принциптері мен тәсілдемелерін қарастырып, ғылыми жобаларды бағалау кезеңдері, ғалымдардың дағдыларын дамыту, сондай-ақ қазақстандық университеттер шеңберінде Британ университетінің тәжірибесін бейімдеу мүмкіндіктерін талқылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.