«Ғылым қоры» қолдауымен “Қазақстан инжиниринг Research & Development орталығы” ЖШС экономикалық қызметтің әртүрлі салаларының қажеттіліктері үшін отандық әзірлеме болып табылатын пилотсыз авиациялық кешендерді (БАК) өндіруді жүзеге асыруда

Бұл кешен барлау, бақылау, нысана көрсету және соққы операцияларын қоса алғанда, кең ауқымды міндеттерді орындау үшін әзірленген. «Шағала-М» маршрутын нақты уақыт режимінде түзетуге, байланыс ретрансляциясы функцияларын орындауға және К25 типті оқ-дәрілерді тастау үшін дронды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықталған.
Кешеннің ерекшелігі – ауа райына қарамастан жоғары тиімділікпен жұмыс істеуі, бұл оны барлау және тактикалық операцияларды орындауда әмбебап құралға айналдырады.
«Шағала-М» мынандай маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
• Отандық өндірісті ұйымдастыру – пилотсыз аппараттарды сатып алуға кететін шығындарды азайтып, оларды қолжетімді етуге мүмкіндік берді.
• Жергілікті техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын шетелде жүргізу қажеттілігін жойып, ресурстарды үнемдеу мен жеделдікті қамтамасыз етеді.
• Қазақстанда операторларды даярлау оқытуға байланысты уақыт пен қаржылық шығындарды барынша азайтуға септігін тигізеді.

Бұл жоба – «Ғылым қорының» қолдауы жоғары технологиялық шешімдердің дамуына қалай ықпал ететінінің жарқын мысалы. Осындай бастамалар Қазақстанның инновациялар мен технологиялар нарығындағы орнын нығайтуға көмектеседі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.