Ғылым қоры ғылыми қоғамдастық пен бизнес-сектор арасындағы өзара іс-қимылға жәрдемдесу мақсатында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында «Технологияларды коммерцияландыру реакторын» өткізеді.
ChemTech коммерцияландыру реакторы аясында химия өнеркәсібіндегі жаңа жобалардың питч-тұсаукесерлері ұйымдастырылады.
Қатысушылардың негізгі мақсаты – әлеуетті бизнес-серіктестер мен инвесторлар алдында өздерінің ғылыми әзірлемелерінің тиімділігін көрсету және жалпы сомасы 350 миллион теңгеге дейінгі гранттар конкурсына қатысу мүмкіндігін пайдалану.
Алаң форматында өңделмеген индийді тиімді тазарту технологиясы, көмірдің шаң тәрізді фракциясын кешенді пайдалану әдісі, құрамында күкіртсутегі бар газдарды тазарту, көктайғаққа қарсы заттарға қажет натрий форматын сілтілі ортада алу тәсілі, мал шаруашылығы қалдықтарынан кератин гидролизаттарын алу және басқа да жобалар ұсынылатын болады.
Кездесуге ғалымдар, стартап-жобалардың басшылары, бизнес өкілдері қатысады деп күтілуде.
Өтетін күні мен орны: 2024 ж. 26 тамыз, Алматы қ., сағат 14:00, Қазақ ұлттық университеті, Әл-Фараби даңғылы 71.
Барлық сұрақтар бойынша: + 7 7172 79-98-67 А.Е.Исимова