info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

Ғылым қоры уран өндіру саласын дамыту бойынша ғылыми-технологиялық Хакатонға қатысты

Хакатонның негізгі мақсаты – кәсіпорындардың өндірістік міндеттері үшін ғылыми-қолданбалы шешімдерді интеграциялау.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен “Қазатопром” ҰАК “АҚ ұйымдастырған ғылыми-технологиялық Хакатон еліміздің ғылыми институттарының, ірі жоғары оқу орындарының 50-ден астам жетекші ғалымдарын жинады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің алаңында 6 топ ғалымдар мен тәжірибелі сарапшылар уран өндіру саласының 25 өндірістік міндетін шешумен айналысты. Арнайы құрылған топтарда жұмыс істей отырып, сарапшылар өндіріс қажеттіліктерін шешуге бағытталған технологиялық ұсынымдарды әзірледі.

Ғалымдар мен өндірушілер уран өндірісінің ерітінділерінен сирек кездесетін металдарды алу мен байытудың бірегей технологияларын, уранды жерасты сілтілеу кезінде сирек кездесетін металдарды ілеспе өндіруді, «дымқыл» тазартуды болдырмай газ тазарту ерітінділерін өңдеуді және басқаларын зерттеді.
Мысалы, Еркін Бектай ғалымдарға уран ерітінділерінен скандийді рентабельді алу проблемасының шешімін ұсынды, ол өнімнің ең аз шығыны мен барынша тазалығында скандийді тиімді бөлуге мүмкіндік беретін арнайы әзірленген экстрагенттер мен технологияларды пайдалануды қамтиды. Бұл шешім үдерістің тиімділігі мен экономикалық мақсаттылығын арттыруға бағытталған, бұл осы саладағы жұмыс нәтижелерін айтарлықтай жақсартуы мүмкін “.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки атап өткендей -“Өзінің 2024 жылғы Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің өнеркәсіптік әлеуетін ашу үшін жүйелі күш салу қажеттігін атап өтті. Ғалымдар мен өндірушілердің симбиозы осы бағыттағы құралдардың бірі болып табылады. Бүгін біз нақты технологиялық міндеттерді шешу үшін ғалымдар мен өнеркәсіпшілердің күш-жігерін біріктіруге тамаша мүмкіндік беретін үшінші Хакатонды өткізудеміз. Осындай ғылыми-инновациялық форматтар елдегі ғылым мен технологиялық прогресті табысты коммерцияландырудың негізі болып табылады”.

Хакатон ғалымдар мен өндірушілердің өзара тиімді ынтымақтастығына бағытталған. Зерттеулер нәтижелерінің нақты қолданбалы бағыты бар және олар қаржыландырылуы, коммерциялануы және өндіріске енгізілуі мүмкін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.