info@science-fund.kz   +7 7172 79 98 60

Ғылым қоры мен неміс зерттеу қоры (Deutsche Forschungsgemeinschaft) (DFG) қазақстандық ғалымдарды бірлескен ғылыми жобаларға тарту бағдарламасын жүзеге асыру бастамасын талқылады

Технологияларды коммерцияландыру саласындағы неміс ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту мақсатында Ғылым қорында Германияның ең ірі ғылыми ұйымы – Неміс зерттеу қоры (Deutsche Forschungsgemeinschaft, DFG) өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге Ғылым қорының төрағасы Камиль Ақатов, төрағаның орынбасары Әлия Сембаева, DFG халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Йёрг Шнайдер, DFG-ның Шығыс Еуропа және Орталық Азия жөніндегі маманы Элиза Бреккефельт, DFG-ның инженерлік ғылымдар жөніндегі бағдарламалық директоры Козима Шустер, сондай-ақ CASIB Алматыдағы кеңсесінің басшысы Питер Либельт қатысты.

Ғылым қоры мен Неміс зерттеу қоры өкілдерінің кездесуіндегі басты тақырып – жаңа ғылыми-инновациялық коллаборацияларды құру перспективаларын және қазақстандық ғалымдарды бірлескен ғылыми жобаларға тарту бағдарламасын жүзеге асыру бастамасын талқылау болды. DFG Орталық Азияда іске асырылатын «Қолданбалы ғылымдар университеттеріндегі зерттеулерге арналған желі» (UDIF-HAW) бастамасын ұсынды. Бұл бағдарлама қолданбалы ғылым университеттері мен өңірдің ғылыми институттары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.