Ғылым қоры Еуропалық одақтың ғылым және инновация бағдарламасының ұлттық үйлестірушілерінің жыл сайынғы кездесуіне қатысты

 

12 қараша күні Брюссельде Еуропалық Одақтың «Horizon Europe» ғылым және инновация бағдарламасының 7-ші ұлттық үйлестірушілер кездесуі өтті.

Қазақстан тарапынан Horizon Europe бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі, Ғылым қоры басқарма төрағасының орынбасары, доктор Әлия Сембаева отырысқа қатысты.

Кездесу барысында Horizon Europe бағдарламасының негізгі аспектілері, оның ішінде Минималды стандарттар мен Нұсқаулықтарға енгізілген жаңартулар, сондай-ақ 2025 жылға арналған Жұмыс бағдарламасындағы өзгерістер талқыланды.

Еуропалық Одақтың Ғылыми зерттеулер және инновациялар жөніндегі бас директораттың стратегиялық жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары Йоаким Виманмен кездесу ұйымдастырылды.

Отырыс барысында қатысушы елдердің бағдарламаларға қатысуының ашықтығын және тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды. Қазақстан үшін Horizon Europe бағдарламасына қатысу ғылыми зерттеулерді дамыту, инновациялар және еуропалық және халықаралық ұйымдармен серіктестік байланыстарды нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатыны маңызды болып табылады.

13 қарашада Әлия Сембаева Еуропалық Одақ қаржыландыратын жобалардағы зияткерлік меншік және ынтымақтастық мәселелеріне арналған Horizon Academy тренингтері мен фокус-топтарына қатысты. Бұл іс-шаралар ЕО қолдайтын жобаларды үйлестіруді жақсартуға және құзыреттерді кеңейтуге ықпал етеді.

Іс-шара барысында бағдарламаның байқауларына ғылыми ұйымдардың қатысу мүмкіндіктерін талқылау үшін басқа елдер мен халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер өтті. Қазақстан өз ғылыми және инновациялық экожүйесін жаһандық кеңістікке интеграциялауға және отандық зерттеушілердің халықаралық аренадағы рөлін нығайтуға ұмтылады.

Қазақстанның осындай іс-шараларға қатысуы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, ұлттық ғылымның жаһандық ғылыми қауымдастыққа интеграциялануына ықпал етеді. Келесі жылы Қазақстанға Horizon Europe бағдарламасына қатысты мәселелерді талқылау үшін ЕО-ның ғылым және инновация басқармасының өкілдері келеді деп күтілуде. Қосымша сұрақтар бойынша Horizon.europe@science-fund.kz электрондық поштасына хабарласуға болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.