Ғылым қоры 2025 жылғы 12–13 мамырда Алматы қаласында өткен Орталық Азия – Германия ғылыми-саяси диалогына қатысты. Іс-шара аясында “Ғылым қоры” АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушысы Алия Сембаева Қазақстандағы технологияларды коммерцияландыру жүйесінің дамуы және халықаралық ғылыми ынтымақтастық туралы баяндама жасады.

Ғылым қоры DeepTech стартаптарын қолдауға және ғылым мен бизнестің тиімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа бастамалар туралы мәлімет берді. Өз сөзінде Алия Сембаева ғылым мен технологияларды коммерцияландыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Қазақстан Германия мен Еуропалық Одақ секілді шетелдік ғылыми орталықтармен серіктестікті белсенді дамытып, озық технологиялар мен үздік тәжірибелерді тарту арқылы жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған бастамаларды жүзеге асыруды көздейді.
Атап айтқанда, Ғылым қоры Horizon Europe бағдарламасы аясында жұмыстарын жалғастыруда. Аталған бағдарлама тұрақты даму мен инновацияға бағытталған ғылыми-технологиялық жобалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Қазақстан халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі. Мұндай өзара іс-қимыл отандық ғылымның ілгерілеуіне ғана емес, сонымен бірге еліміздің ғылым мен технология саласындағы өңірлік көшбасшылығын нығайтуға жол ашады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.