Жоба аясында технологиялық желі құрылып, өнімнің сынамалық партиясы өндірілді және әзірленген құрамдарға екі патент алынды.
Жаңа өнім жоғары тиімділігімен және экологиялық тазалығымен ерекшеленеді. Ол металл беттерін коррозиядан сенімді қорғайды, қолдануға оңай және жоғары энергия шығындарын талап етпейді. Осы қасиеттерінің арқасында бұл материалдар химия, металлургия, машина жасау және мұнай өндіру сияқты салаларда қолданыс тапты.
Жобаның алғашқы нәтижелері де көріне бастады: клиенттер базасы қалыптасты, сату басталды, жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл жоба ғылыми әзірлемелерді табысты коммерцияландырудың үлгісі болып, өндірістік мәселелерді шешуде отандық технологиялардың әлеуетін дәлелдеді.