Жобаның мақсаты – ГОСТ ISO 13485 заманауи стандартының талаптарына сай келетін өндіріс учаскесін құру, сондай-ақ өнім түрлері мен көлемін арттыру.
«AQUA DRESS» таңғыштары келесі жағдайларда қолданылады:
• I–III дәрежелі күйіктер кезінде алғашқы көмек көрсетуге;
• шағын жаралар мен ойық жараларда (1 дм² дейін), сондай-ақ теріні көшіруге дайындауда;
• жараларды жарақаттан, кебуден және инфекциядан қорғауға;
• пилинг, лазерлік тегістеу, дермабразия және пластикалық операциялардан кейінгі жазылуды жеделдетуге;
• жұмсақ тіндер жоғалған жараларда;
• тері ауруларында қабынуды азайту үшін (таңғышты ауыстыру – көрсеткіштерге сәйкес әр 24–48 сағат сайын).
Жоба Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі үшін тиімді медициналық өнімдердің қолжетімділігін арттырып, отандық заманауи медициналық бұйымдар өндірісінің дамуына ықпал етеді.