ҒЫЛЫМ ҚОРЫ НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КРИТИКАЛЫҚ ШИКІЗАТ БОЙЫНША ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯ ӨТКІЗДІ
Назарбаев Университетінде шикізаттық материалдар саласындағы зерттеулерге арналған Horizon Europe бағдарламасына қатысу мүмкіндіктеріне арналған панельдік сессия өтті.
Сессия аясында Қазақстандағы ЕО-ның ғылым мен зерттеу саласындағы негіздемелік бағдарламалары жөніндегі Ұлттық үйлестіруші орталығы Horizon Europe бағдарламасының 2025 жылға арналған жұмыс бағдарламасы шеңберіндегі шикізаттық материалдар бағыты бойынша алдағы конкурстарды жариялады.
Сонымен қатар, Еразмус университетінің (Роттердам, Нидерланды) Халықаралық әлеуметтік зерттеулер институтының (ISS) PhD дәрежесіне үміткер зерттеушісі Akeerbieke Nuerjiazi сөз сөйледі. Ол Еуропалық зерттеу кеңесінің Green Industrial Policy in the Age of Rare Metals (GRIP-ARM) жобасының қазақстандық компонентінің жетекшісі болып табылады. Жоба сирек кездесетін жер металдарының «жасыл» өнеркәсіп саясаты шеңберіндегі орны мен тұрақты даму мәселелеріне арналған.
Қатысушылар сессияның практикалық маңызын атап өтіп, ЕО-мен жаңа жобалық бастамалар аясында ғылыми ынтымақтастықты дамытуға дайын екендерін білдірді.
Ғылым қоры 2023 жылда бастап Қазақстандағы ЕО-ның ғылым мен зерттеу саласындағы негіздемелік бағдарламалары бойынша Ұлттық үйлестіруші орталығы болып тағайындалды. Бұл рөлде Ғылым қоры Horizon Europe бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері бойынша ақпараттық-ағартушылық жұмыстар жүргізіп, отандық зерттеушілер мен ұйымдарға арналған семинарлар мен тренингтер ұйымдастырады.